ДИКТОР: Жақын арада Щучинскте жаңа бассейн мен жаттығу залы ашылады. Қалада көпфункционалды спорт сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Жобада күреске арналған зал, волейбол және футбол алаңдары қарастырылған. Бурабай ауданының тұрғындары көптен күткен бұл нысанға облыс әкімі Марат Ахметжанов барды.

ЛЮФТ: Спорт сарайының құрылысы 2021 жылы басталған. Жұмыс созылып кетуінің бірнеше себебі бар. Бастапқыда қаржыландыруды күтуге тура келсе, кейін мердігер ұйым жұмысты уақытылы орындамаған. Бір жарым ай бұрын Марат Ахметжанов құрылыс қарқынын сынға алған болатын. Кезекті сапарында ол атқарылған жұмыстармен танысты.

СӨЙЛЕСУ ҮЗІНДІСІ — ОБЛЫС ӘКІМІ МЕН САЛА БАСШЫЛАРЫ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ АРАСЫНДА:

- Барлық қажетті инженерлік желілер тартылды ма?

- Иә, газ, жарық бойынша бәрі бар. Бұрын қазандық мәселесі болған. Оны күшейтіп, жаңа қазан орнаттық. Себебі бұл жерде 16 мың шаршы метр. Екі жаңа қазандық қойылды. Соның бірі – осы жерге.

- Жылу беру сызбасы да өзгертілді. Жаңа магистраль тартылды, сондықтан енді мәселе болмайды.

РКС: Спорт кешені бір ауысымда 200-ден астам адамды қабылдай алады. Қала тұрғындарының мұнда түрлі спорт секцияларына қатысуға мүмкіндіктері болады. Жаттығу сабақтары мен жарыстар өткізіледі. Қазір нысанда 80 адам жұмыс істеп жатыр. Түнгі ауысымда – 20 еңбеккер.

СНХ — ДІЛШАТ САЙРАМБАЕВ, УЧАСТКЕ БАСТЫҒЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:

Қазіргі таңда бізде сыртта толық абаттандыру жүріп жатыр. Тротуарға брусчатка төселуде. Футбол және волейбол алаңдары дайын. Ғимараттың сыртқы қасбеті 95% аяқталған. 3-қабатта әрлеу аяқталды. Кафель төселді. Тек бояу мен линолеум ғана қалды. Спорт залы 90% дайын. Осы айдың соңына дейін жұмысты толық аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.

РКС: Спорт кешенінің жанында 20–30 көлікке арналған автотұрақ қарастырылған. Сондай-ақ, айналасын көгалдандыру жүргізілуде. Жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Мердігер ұйым өкілінің айтуынша, барлық жұмыстарды қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, АЛМАС САДВАКАСОВ , КӨКШЕ АҚПАРАТ.