ДИКТОР: Депутаттар, журналистер және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бірлесіп Көкшетау қаласындағы екі сауда орталығында профилактикалық рейд өтті. Оның мақсаты – тұтынушылардың құқықтарын қорғау, халықты ет өнімдерін сату тәртібі және баға саясаты туралы хабардар ету.
РКС: Қоғам белсенділері базарда ет өнімдерінің қалай сатылып жатқанын тексерді. Әсіресе бағаға, сатушылардың талапқа сай келуіне және тұтынушы бұрыштарының болуына ерекше назар аударылды.
СНХ: СЕРІК МӘКІШЕВ – «ТҰТЫНУШЫЛАРДЫ ҚОРҒАУ» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Саудамен айналысатын кәсіпкерлер түсіндіргендей, ет өнімдері жеткізушілерден бір бағада келеді, ал әрі қарай кәсіпкерлер өз бағаларын қояды, олар тұтынушылармен қандай бағада сататынын келісіп алады екен. Аздаған заңбұзушылықтар бар: тұтынушы бұрышы жоқ, бейджиктері де реттелмеген, баға көрсеткіштері бар, бірақ кей жерлерде жоқ. Сондықтан бұл іс-шара бөлшек сауданы заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында өткізілді. Менің ойымша, біздің кәсіпкерлер саналы түрде түсініп, келесі рейд одан да тиімді және нәтижелі болады деп сенемін.
РКС: Рейд барысында кәсіпкерлерге заң талаптарының толық тізімі көрсетілген жадынамалар табысталды. Онда қандай құжаттар болу керектігі, сауда элементтерін ретке келтіру қажет екені көрсетілген.
СНХ: САЯТ ӘБЖАТОВ – ЕТ БӨЛІМІНІҢ САТУШЫСЫ: Бүгін біздің сауда орталығында өткен іс-шара бізге де, сатып алушыларға да пайдалы болды. Барлық талаптарды орындаймыз, баға көрсеткіштері бар. Жадынама орнына QR-код ілінсе жақсы болар еді, бүкіл ақпарат сонда болса. Жалпы бәрі жақсы.
РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай рейд алғаш рет өткізіліп отыр. Болашақта оны жылына екі рет жүргізу жоспарлануда.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ