ДИКТОР: Облыста мүгедектігі бар азаматтардың құқығын қорғау және олардың мәселелерін шешу мақсатында штаттан тыс кеңесшілер институты жұмыс істеп тұр. Соның арқасында өңірде инклюзивті бастамаларды одан әрі дамытуға мүмкіндіктер артуда. Кеңесшілерге жүгінген азаматтардың өтініштері жедел қаралып, тиісті шешімдер қабылданады. Себебі олар жергілікті атқарушы органдармен және уәкілетті құрылымдармен тікелей өзара әрекеттесіп, мәселенің шешілуін қамтамасыз етеді.
РКС: Қазір өңірде мүгедектігі бар 29 мыңнан астам азамат тұрады. Оның 3 мыңнан астамы бала. Қоғам өмірінің барлық саласына толыққанды қатысуы үшін оларға қажетті жағдайлар жасалуда. Бұл бағыттағы жұмыстарға облыс, аудан және қала әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері де өз үлесін қосуда.
СНХ: ВАСИЛИЙ ШИМАНСКИЙ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІСІ: Аудандарға талай рет іссапармен шықтым. Сол тұта әлеуметтік қызметтерге қатысты ешқандай шағым түскен жоқ. Бұл – қолданыстағы модельдің тиімділігін көрсетеді. Бізде аудандармен жұмыс істеуге мүмкіндік бар, әрі нақты кері байланыс орнаған. Бұл – өзге өңірлерде кездеспейтін тәжірибе. Азаматтар басқармалар мен кеңесшілердің, сондай-ақ әкімдік құрылымдарының барлық деңгейде бірлесе жұмыс істеп отырғанын көріп отыр. Өз кезегінде басқармалар да бұл жұмыста мүдделі екенін байқатты, өйткені олар нақты жағдайды жергілікті жерден көріп, жедел шешім қабылдай алады.
РКС: Біржан сал ауданында мүмкіндігі шектеулі 600-ден астам азамат тұрады. Мамандардың айтуынша, тұрғындарға көбіне түсіндіру жұмыстары қажет. Ал қандай да бір мәселе туындаған жағдайда, арнайы жазылудың қажеті жоқ. Кеңесшілер қашан да көмек көрсетуге дайын.
СНХ: РОЗА АЙТМАҒАМБЕТОВА, БІРЖАН САЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІСІ: Соңғы уақытта туындаған мәселенің бәрі жергілікті деңгейде шешілуде. Жыл басынан бері бізге 43 азамат жеке мәселесімен жүгінді, оның бәрі дер кезінде қаралып, шешілді. Аудан әкімімен тығыз жұмыс істеймін. Әрдайым уақытылы қабылдап, қолдау көрсетеді. Сондай-ақ бөлім басшылары да, қала әкімі де әрқашан түсіністікпен қарайды. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен өзара іс-қимыл жолға қойылған. Қазір тұрғындар тарапынан айтарлықтай шағымдар жоқ. Санаторлық-курорттық ем алу, мүгедектер арбасымен, сурдоқұралдармен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған барлық мемлекеттік бағдарлама еш қиындықсыз толық көлемде берілуде.
РКС: Пилоттық жоба аясында штаттан тыс кеңесшілер Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің базасында арнайы оқытылды. Мамандар мүгедектігі бар адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысады. Бір сөзбен айтқанда олар мемлекет пен тұрғындар арасындағы алтын көпір.
СНХ: ШОЛПАН РАХМАТУЛЛИНА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Біз әкімдердің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері жөніндегі кеңесшілерімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Әр айдың 10-да ЗУМ арқылы барлық өңірмен селектеорлық жиын өткіземіз. Сол жерде кеңіесшілер сауалдарын қояды. Олар ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандар да қосыла алады. Мүгедектігі бар кез келген жан хабарласа алады. Өзара ықпалдастық бар бізде. Мемлекеттік органдар, атап айтқанда білім, денсаулық басқармалары, жұмыспен қамту департаменті, яғни біз қатысамыз. Егер еңбек имнспекциясына сұрақтар болса, оларды да шақырамыз. Біздің құзырымыздағы сауалдар болса, оны біз бірден күн тәртібінен алып тастаймыз. Бірлескен іс-қимылдың нәтижесінде мүгедектігі бар жандардың арыз-шағымы біршама сейілді.
РКС: Қазіргі уақытта Ақмола облысы еліміз бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселелері жөніндегі кеңесшілері ауылдық округтерде де бар жалғыз өңір. Бастама Зеренді ауданында қолға алынған еді. Алдағы уақытта бұл тәжірибені өзге өңірлерге де тарату жоспарланып отыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ