ДИКТОР:Өңірде білім беру нысандарын жөндеу және жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Мәселен, бүгінде 77 білім беру мекемесі жөнделіп жатыр. Оның ішінде тозығы жеткен 34 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізілуде. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС:Атбасар ауданына қарасты Тельман ауылында орналасқан бұл мектеп осыдан 35 жыл бұрын салынған. Осы уақытқа дейін білім ордасына тек шағын жөндеу ғана жүргізілген. Биыл ескі ғимарат толықтай жаңғыртылуда. Бұл мақсатқа 375 миллион теңге көлемінде қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары маусым айында басталған. Мердігер ұйым өкілдері жөндеу жұмыстарын жаңа оқу жылына дейін толық аяқтауға уәде беріп отыр.

СНХ: ЕРБОЛ САҒЫНДЫҚОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛІ: Мектепғимаратынажүргізіліпжатқанбірқатарауқымдыжұмысаяқталды. Атапайтқанда, су құбыры, кәріз жүйелерітолықжаңартылып, электржелілері, су таратуқұрылғылары алмастырылды. Қабырғалар мен ғимарат төбесі сыланды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкесбарлық есік-терезе ауыстырылды. Сондай-ақ, қауіпсіздік мәселесі де басты назарда. Мектепте ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесі, сондай-ақ екінші деңгейлі автоматты өрт дабылы орнатылады. Енді бірінші қабатта қабырғаларды сылау, еденге керамогранит төсеу және жылыту жүйесін орнату жұмыстары ғана қалды.

РКС:Бұған қоса, мектеп толық заманауи оқу құрал-жабдықтарымен жабдықталады. Сондай-ақ биология, химия және физика пәндеріне арналған үш заманауи жаңа кабинет ашылады. Алайда дәл осы пәндер бойынша білікті мамандар тапшы.Егер маман тапшылығы мәселесі шешілсе, жаңа оқу жылында оқушыларға сапалы білім беру мүмкіндігі едәуір артады,-дейді мектеп директоры.

СНХ:ОЛЬГА ОРЛОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 134 оқушыбілім алады. Мектеп 250 орынға шақталған. 23 педагог жұмысістейді. Қазір химия, биология, физика, информатика және математика пәндерібойыншамамандарқажетболғандықтан, педагогикалықкадрлардыіздестіружұмыстарыжүргізілуде.

РКС:Айта кетейік, 2027 жылға дейін 90 мектепті қайта жаңғырту міндеті қойылып отыр. Бұған қоса, елді мекендегі мәдениет үйіне де күрделі жөндеу жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары осы айдың соңына дейін толық аяқталады деген болжам бар.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ