ДИКТОР: Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов Көкшетауға келді. Мәртебелі мейман Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен және «Ассамблея жастары» Ақмола облыстық өкілдігімен кездесті. Шара барысында қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, жастардың тәрбиесі және мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту мәселелері талқыланды.Тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов алдымен Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысты. Кездесу барысында сәндік-қолданбалы қолөнер шеберлерінің шағын көрмесіне экскурсия жасалды.
СНХ: МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Кабинеттерді аралап шықтым. Сіздермен бүгін кездесудің сәті түсті. Көпшілігіңізбен бұған дейін де түрлі алаңдарда жолыққанбыз. Бұл жер біздің ортаұ үйіміз іспетті. Бүгін емен-жарқын жүздесу болады деген сенімдемін.
РКС: Этномәдени орталықтар жұмыс барысындағы тәжірибелерімен бөлісті. Аймақта жастар белсенді. Мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дәріптеуге ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті – елдегі тұрақтылық пен татулықты сақтау. Ассамблея біз үшін үлкен мүмкіндік. Дәстүрімізді сақтай отырып, қазақ халқымен бірге елдің болашағына қызмет етеміз-дейді бірлестік өкілдері.
СНХ: РАФАИЛЬ СУЛЬКАРНАЕВ, ТАТАР-БАШҚҰРТ ЭТНОБІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бір-бірімізге жақсы қараймыз. Біздің жастарға айтарымыз, Қазақстан жерінде тұрсаңыз, сол жерді жақсы көру керек. Тілін, мәдениетін білу керек. Менің немерелерім қазақ, күйеу балам қазақ. Сол себепті қазақ жерін мақтан етіп жүреміз. Сол үшін бірлік келешекте де болсын. Біз өзіміздің Қазақстан жерін өте жақсы көріп, біраз жұмыстар істедік.
РКС: Бұл шара қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту, жастар тәрбиесі мен мемлекеттік тілдің қолданысын арттыру мәселелерін қамтыды. Жастар мемлекеттік тілді үйренуге, ұлттық мәдениетті насихаттауға белсенді атсалысуда. Бұл – ел болашағы үшін аса маңызды қадам. Бірге әрекет еткенде ғана қоғамда бірлік нығаяды,-дейді олар.
СНХ: ГҮЛБАРА НҰРҚАНОВА, ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АҚМОЛА АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІ ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біздің Достық үйінің ішінде көпұлттан тұратын шебер ханымдарымыздың шеберлік одағы құрылған. Жуырда шеберлеріміздің Ассамблеяның 30 жылдығына арналған бұйымдарпын бітіріп шықтық. Қарап отырсаңыздар: көк аспан, күннің ішінде Қазақстанда тұратын қаншама ұлт өкілдері бейнеленген, жасыл кең байтақ жеріміз, соның ішін біз сырмақтың өнерімен келтіріп әдемі жұмыс жасап шықтық. Одан кейін шеберлеріміз ұлттық өнеріміз сырмақ, ою-өрнектеріміз, құрақтарымыз бар, моншақ пен күмістен, ағаштан әшекей бұйымдар құрастырып, сабын қайнатып, көптеген өнермен айналысады. Жай ғана жасап қана қоймай, мектеп, колледж бен университет студенттерін кезек-кезек шақырып, сабақ беріп тұрамыз.
РКС: Бұл жолда әр этномәдени бірлестік өз үлесін қосуда. Әр этнобірлестік татулықты ту етіп, бірге әрекет еткенде ғана ел болашағы жарқын болмақ. Кездесу соңында Марат Әзілханов этномәдени бірлестіктердің еңбегіне алғыс білдіріп, алдағы уақытта да бірлескен жобалардың жалғасатынына сенетінін жеткізді.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ