ДИКТОР: Жарқайың ауданының орталығы Державинск қаласында жаңартылған коммуналдық базары ашылды. Аталған ғимарат 18 жыл бұрын ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің демеушілік қаражаты есебінен салынған.
РКС: Биыл аудан әкімінің бастамасымен жылу жүйесі толықтай ауыстырылып, базар жаға маусымда орталықтандырылған жылуға қосылады. Сумен жабдықтау жұмыстары да жүргізілді. Аталған сауда орны халықты қолжетімді бағамен сапалы әрі жаңа өнімдермен қамтамасыз етіп, әлеуметтік маңызы бар тауар бағасының өсуін тежейді.
СНХ: НАДЕЖДА РЫЖКОВА, ЗЕЙНЕТКЕР: Бағалары өте қолжетімді. Тауар түрі де өте көп. Қазір күз келе жатыр, көкөністер, жемістер көп болады. Бар жақсылықты тілеймін!
РКС: Ғимарат жаңартылып, сауда сөрелерінің ара қашықтығы кеңейтіліп, жарық пен санитарлық жағдайы жақсартылды. Енді базар заманауи талаптарға сай және тұрғындарды күн сайын қабылдауға дайын. Ашылу салтанатында жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өндіретін сүт өнімдері, нан, жылқы, сиыр, қой еті, жеміс пен көкөтістері ұсынылды.
СНХ: СЕРГЕЙ ЕРИН, «ES AGRO» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бүгін Державинск қаласы үшін қуанышты әрі маңызды оқиға – араға жылдар салып коммуналдық базар қайта ашылды. Осы игі бастамамен қала тұрғындарын және бүкіл аудан халқын шын жүректен құттықтаймын. Енді біз сияқты жергілікті тауар өндірушілер үшін өз өнімімізді өзіндік құны бойынша сату мүмкіндігі туып отыр. Бұл бастама бағаны тұрақтандыруға және тұтынушыға бір қадам жақындауға оң ықпал етеді деп сенемін.
РКС: Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері мұндай алаңдардың халықпен тікелей байланыс орнатуға және олардың қажеттіліктерін жақсырақ түсінуге көмектесетінін атап өтті. «Коммуналдық базардың қайта іске қосылуы – жай ғана сауда орны емес, ол – жергілікті өндірушілерді қолдау, аудан экономикасын дамыту және тұрғындардың сапалы өнімді әділ бағамен алуына мүмкіндік беру», - деп атап өтті аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ