ДИКТОР: Ақмола облысында 520 мектеп бар. Білім ошақтарының бәрі интернетпен қамтылған. Ал 240 мектепке жоғары жылдамдықтағы Starlink интернеті орнатылған. Бұл туралы облыстық тамыз конференциясында айтылды. Өңір педагогтерінің басын қосқан жиынға Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев пен аймақ басшысы Марат Ахметжанов қатысты. Жиын барысында білім саласын дамыту мен жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды. Әріптесім Жанар Мұқышева жалғастырады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жиын басталмас бұрын қатысушылар назарына арнайы ұйымдастырылған интерактивті көрме ұсынылды. Көрмеде білім саласында қолданылатын озық технологиялар таныстырылды. Бұдан кейін пленарлық отырыс басталды. Биылғы бас қосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналып отыр. Жиын барысында аймақ басшысы Марат Ахметжанов өңірдегі білім саласындағы жетістіктерге тоқталды.
СНХ:МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Екі жылдың ішінде 31 білім беру ғимараттары салынды. Ол жерде 21 мың оқушыны қамтитын сапалы сабақ, саналы тәрбие беретін мүмкіндік туғызып отырмыз. Бүгінгі таңда біздің облысымызда апатты мектеп жоқ, 3 ауысымды оқу жоқ. Ол үлкен жақсы жетістік. Осының барлығы біздің мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының жасап жатқан іс-шарасы. Болашақа деген сенімі. Өйткені өздеріңіз білесіздер ол Ұлттық Құрылтайда Ақмола облысын ерекше атап өтті. Бүкіл Қазақстан бойынша 9 келешек мектебін уақытылы бітіріп, соның барлығы қазіргі таңда жақсы сапалы білім беріп жатыр.
РКС: Айта кетейік, Мемлекет басшысы республикалық тамыз конференциясында білім беру саласындағы бірқатар маңызды мәселені көтерді. Оның ішінде әсіресе цифрлық трансформацияның қарқынын үдетудің маңыздылығына ерекше назар аударды. Осыған орай, пленарлық отырыс барысында білім беру жүйесіне жасанды интеллектті енгізу жолдары және цифрландыру жағдайында оқу сапасын арттыру тақырыбында жетекші мамандар тың бастамаларын ортаға салды. Көкшетаудағы №11 мектеп-гимназиясы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Амангелдинова оқушылардың әдебиетке құштарлығын арттыру үшін жасанды интеллектіні тиімді пайдалану жолдарымен бөлісті.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ұстаздардың қажырлы еңбегі де назардан тыс қалған жоқ. Шара барысында үздік педагогтерге ведомстволық наградалар табысталды. Олардың қатарында 33 жылдан астам білім беру саласында қызмет етіп, көптеген шәкірт тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан Гауһар Шәпенова да бар. Ол «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
СНХ: ГАУҺАР ШӘПЕНОВА, «ЕРЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН» МЕДАЛІНІҢ ИЕГЕРІ: Көп жылғы еңбегім ақталғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Қазіргі заманның талабы жасанды интелектіні оқыту процесіне енгізу. Мысалы, маған өте ұнайтыны және оқушыларды қызықтыратыны жасанды интеллектті сабақта қолдану. Жиі біз пайдаланатын - ол СhatGPT және Character.AI. Тыңдалым және айтылым дағдыларын дамыту үшін. STEM-ді де біз сабақта қолданамыз. STEM, STEАM программаларын қолданамаз.
РКС: Тамыз конференциясында ұстаздармен қатар, биыл алғаш рет жұмысшы мамандық иелеріне де құрмет көрсетілді. Олар Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ