ДИКТОР: Қытайдың Джилин қаласында өткен біріншілікте ушу-саньда спортынан Ұлттық құрама жүлдемен оралды. Қазақстанның құрамасы сапында Ақмола облысының өкілі Валерия Гильденберг абыроймен өнер көрсетіп, тартысты жекпе-жекте қола медальды жеңіп алды. Сенбі күні көкшетаулықтар Азия чемпионатының қола жүлдегерін теміржол вокзалынан күтіп алды.
РКС: Ушу саньда жұдырықпен, аяқпен соққы жасау, лақтыру, сүріндіру және стратегия үйлесім тапқан тұтас жүйе. Күш пен техника ғана емес, сабырлылық, шешім қабылдау жылдамдығы және қарсыласқа құрмет те маңызды саналатын жекпе-жек спорты. Қазақстанның ушу саньда құрамасы осы ежелгі өнердің отаны – Қытайға барды. Әлемнің ең мықты спортшылары жаттығатын Аспан асты елінің әйгілі ушу мектебінде жерлестеріміз бой көрсетіп, ел мерейін асқақтатты.
СНХ: ВАЛЕРИЯ ГИЛДЕНБЕРГ, УШУ-САНЬДА СПОРТЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ: Баршаңызға үлкен рақмет! Қалай болғанда да, әр спортшы жанындағылардан шабыттанады. Өзін өзі шабыттандыратындар да бар. Жеңілістен қорқасың. Спортта түрлі жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалуың мүмкін. Көп ретте ішкі үрей көп болады. Ал оны жеңу үшін көп жаттығу керек. Әр адам өз мінезін жеңуі тиіс. Ушу-саньда өзінің қимылымен шабыттандырды. Өйткені ушу-саньда – жай ғана спорт емес. Бұл – өнер.
РКС: Айта кетейік, чемпионатқа дайындық Қытайдағы жекпе-жек өнері бойынша жетекші оқу орындарының бірінде өтті. Валерия оқу-жаттығу жиыны аясында бір ай бойы жаттығуларды күшейте түсті. Нәтижесінде қола жүлдегер атанды.
СНХ: НАРИМАН ӘБДІРАХМАНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Өте мықты өтті, жарыс өте үлкен деңгейде өтті. Сол, өте қиын болды. Сол қиындыққа қарамастан осылай, міне, жүлдегер болып оралдық. Соған өте ризамыз! Әлі тырысамыз, әлі өте-өте үлкен жоспарлар бар. Валерия шәкіртім – өте мотивированная дейді ғой, дисциплинированная деп айтуға болады. Сол, өз жасында молодежка деп айтылады жастар арасында. Бізде 15, 16, 17 болып саналады. Жастар категориясы. Ол 15-ке жаңа толып жатқан қыз әлі 17 жастағы қыздармен төбелесу өте қиын болды. Әлі Алла жазса, әлі бір-екі жылдың ішінде деп ойлаймын, есейеді әлі. Әлі топ жарады!
РКС: Жаттықтырушы Нариман Әбдірахманов алдағы жоспарларымен де бөлісті. Жылдың соңында Әлем чемпионатына іріктеу өткізіледі. Оған дайындық бүгіннен басталып кетті. Ал Әлем чемпионаты келер жылдың наурызында өтеді.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ