ДИКТОР: Қазақстанда IT-секторды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жалғасуда. Astana Hub сынды технопарктердің резидент компаниялары қомақты салық артықшылығына ие болып отыр. Мұның бәрі компанияларға жобаларды қарқынды дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік береді.

РКС: Еліміз бойынша 1700-ден астам резидент корпоративтік және жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, сондай-ақ қосымша құн салығының кейбір түрлерінен босатылды. Ақмола облысында "Aqmola Hub" өңірлік технопаркі жұмыс істеген бір жарым жыл ішінде 15 компания салық жеңілдігін пайдаланды.

СНХ: ДИАН АЙБАШПАНОВ, «ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ПАРКІ» АВТОНОМДЫ КЛАСТЕРЛІК ҚОРЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 15 компанияның 7-уі Көкшетау қаласында, қалғаны облыс аумағында. Олардың бәрі жұмысын енді бастап жатқандар. Көпшілік қауым салық жеңілдіктері еліміздің қазынасына түсетін табыстың азаятыны туралы кереғар пікір айтып жүр. Ал шын мәнінде технологиялық салада стартап ретінде еңбек жолын енді ғана бастап жатқан компаниялар алғашқы бетте көп салық әкеле қояды деу қисынға келмейді. Дәл осындай мемлекеттік қолдау шараларының арқасында олар тезірек көтеріліп, өздерінің дамуына қаржы көбірек салуға мүмкіндік алатынын ескерген жөн. Есесіне олар табысының 1 процентін Astana Hubтың есебіне аударады.

РКС: Салық ауыртпалығынсыз жұмыс істеудің мүмкіндігі ІТ кәсіпкерлерді бұрынғыдан да ерекше ынталандырып отыр. Aqmola Hub резиденттері елеулі артықшылықты қазірдің өзінде сезінуде. Салықтан үнемделген қаржыны өнімдерді дамытуға, мамандарды тартуға және халықаралық нарыққа шығуға инвестиция ретінде құюда. Пайдаланушылар қатарында бағдарламалық қамтамасыз ету, мобильдік қосымшаларды дайындайтын, бизнес-үдерістерді автоматтандырумен және аутсорсингтік әзірлемелермен айналысатын компаниялар бар.

СНХ: КРЫСТИАН ФЕДЫНЯК, БАҒДАРЛАМАЛАУ МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Біз өткен жылдың қарашасынан бері резидентпіз. Салық артықшылығына ие болдық, яғни салықтан босатылды. Үнемделген қаржыны біз аймақтағы IT комьюнитиді дамытуға жұмсаймыз. Ол дегеніміз курстарды, білім деңгейін дамыту, сонымен бірге жаңа тұлғаларды анықтап, тың идеяларға қол жеткізу.

РКС: Салық артықшылығы – экономикалық қолдау. Ең бастысы еліміздің цирлық тарнсформациясы үшін керемет ынталандыру. Мамандар осылай дейді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ