ДИКТОР: Биыл Көкшетауда қуаты 240 Мегаваттан асатын жаңа жылу-электр орталығының құрылысы басталды. Кеше облыс әкімі Марат Ахметжанов нысан құрылысының барысымен танысты. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Алғашқы бетте жылу-электр орталығының құрылысын Ресей бастауы тиіс еді. Бірақ, белгілі себептерге байланысты Қазақстан Үкіметі аталған нысанды өз күшімен салу туралы шешім қабылдады. Құрылысқа 2 мыңнан астам адам тартылады деген болжам бар. Ең алдымен құрылыс алаңына су құбырлары мен кәріз жүйесін өткізу қажет.
СНХ: ҚАЙРАТ МАҚСҰТОВ, «САМҰРЫҚ-ЭНЕРГО» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Мердігер ұйымдарының өкілдері бүгінгі таңда атқарылған және жоспарлаған жұмыстары туралы есеп берді. Станция «Самұрық-Энергоның» еншілес компаниясы «Көкшетау жылу-электр орталығын» салады. Құрылыс кезінде заманауи Қытай жабдықтары қолданылады, сондықтан станцияның энергетика тиімділігі жоғары, ал экологияға әсері төмен болады. Біз бүгінгі таңда болашақта станцияның қуат кеңейту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Осы мақсатта қажетті инфраструктура нысандарын толықтай саламыз. Және де қосымша энергия керек болған кезде қосымша энергоблок саламыз.
РКС: 300 гектар аумақта жылу-электр орталығынан бөлек, энергетиктер қалашығы да салынады. Ол жерде облыс әкімінің гранты арқылы білім алған және жылу-электр орталығында жұмыс істейтін мамандар тұрады. Сонымен қатар, қазір энергетика саласы мен аграрлық секторда арнайы гранттар бойынша білім алып жатқан студенттер де дуалды оқыту аясында жұмысқа тартылады. Олар бұл жерде ақылы тәжірибеден өтеді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазір біз арнайы грант бойынша мамандарды даярлап жатырмыз. Жылу орталығы іске қосылған кезде дайын жылу энергетиктері болуы қажет. Бұл бағытта «Самұрық-Энерго» компаниясымен келісім бар. Бұдан басқа, мұнда тұрғын корпустары да салынады. Жас мамандарға пәтерлер беріледі. Яғни олар тегін оқып, кейін осында келіп жұмыс істейді. Кеше ғана біз Степногорск қаласында 10 стипендия тағайындадық. Болашақта осы жерде жұмыс істейтін жергілікті жастарды іріктеп аламыз.
РКС: Айта кету керек, жылу-электр орталығының қоршаған ортаға әсері қазіргі аудандық қазандықтармен салыстырғанда 10 есе аз болады. Жыл-электр орталығының құрылысы 2028 жылы аяқталып, қолданысқа беріледі деген болжам бар. Нысан іске қосылса, жылумен қамтудан бөлек, қала жыл он екі ай үздіксіз ыстық сумен де қамтылады. 400 жұмыс орны пайда болады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ДАМИР САДЫҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.