ДИКТОР: Тамыздың алғашқы жексенбісі темржолшылардың төл мерекесі. Мереке қарсаңында Көкшетауда салтанатты шара ұйымдастырылды. Биыл да жылдағы дәстүр бойынша қажырлы еңбегімен ерекшеленген 60-қа жуық сала маманы марапатталды. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

РКС: Салтанатты шара барысында Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары аймақ басшысының атынан барша сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтап, өңірдің көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2030 жылға қарай елдің теміржол жүйесін жоғары жылдамдықты, цифрландырылған және халықаралық дәліздермен қаныққан инфрақұрылымға негіздеп жаңғырту міндетін қойды. Президент өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: Біз келесі ұрпаққа жоғары деңгейдегі автомобиль және теміржол магистральдарын, тиімді жұмыс істейтін аэрохабтарды, теміржол вокзалдарын, теңіз порттарын қалдыруымыз керек – деп атап өткен болатын. Сіздер алдағы уақытта да қарқынды және үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етіп, қызметті абыроймен орындап, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізесіздер деп сенімдімін. Баршаңызға зор денсаулық, табыс, еліміздің дамуы жолында жоғары кәсіби жетістіктер мен амандық тілеймін!

РКС: Жиын барысында теміржол саласында абыройлы еңбек етіп жүрген бір топ маманның еңбегі еленіп, лайықты марапатқа ие болды. Олар көп жылғы адал қызметі мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін «Құрметті теміржолшы», «III дәрежелі Теміржол даңқы» төсбелгілерімен, «Адал еңбегі үшін», «Үздік жас маман», «Үздік жол шебері» сынды салалық марапаттармен, сондай-ақ Алғыс хаттармен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Мәртебелі наградаға ие болғандардың қатарында 25 жылдан бері теміржол саласында үздіксіз еңбек етіп келе жатқан Самат Құрбанов та бар. Бүгін ол саланың басты наградасы - «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

СНХ: САМАТ ҚҰРБАНОВ, «ҚҰРМЕТТІ ТЕМІРЖОЛШЫ» ТӨСБЕЛГІСІНІҢ ИЕГЕРІ: Барлық әріптестерімді осы төл мерекемен құттықтаймын! Осы теміржол саласында 25 жыл қызмет етіп, осындай дәрежеге жетіп, бүгінгі таңда осы еңбегімді бағалап, осында үздік почетный железнодорожник деген даңқы алғаныма қуаныштымын!

РКС: Бүгінде адал еңбек етіп, ел алғысын алып жүрген сала шеберлері жетерлік. Олардың тынымсыз еңбегі, кәсібіне деген адалдығы мен жауапкершілігі - жастарға үлгі. Шойын жолда 43 жыл аянбай тер төгіп, бүгінде зейнетінің несібесін көріп отырған ардагер Серік Сүлейменов теміржол - келешегі зор мамандық ,-дейді.

СНХ: СЕРІК СҮЛЕЙМЕНОВ, ТЕМІРЖОЛШЫЛАР АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазір 6,5 мың ардагер бар теміржолда. Бүгін теміржол экономикаға үлкен үлес көрсетеді. 68 процент грузовой перевозка теміржолда өтеді. Бүгінде экспорт, перевозка зерна, күллісі осы теміржолмен жсалып жатыр. Біздің балаларымыз, немерелерімз де теміржолда істеп жатыр. Семейный династия деген теміржолда өте көп. Әке-аталарының жолын қуып, сол балалар істеп жатыр. Теміржолшылар деген дисциплинированный, жұмысқа беріліп істейтін кісілер.

РКС: Салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

ИНТЕРШУМ:

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ