ДИКТОР: Қоғамдық кеңес 2-ші аудандық қазандық кәсіпорнындағы күл үйіндісінің жай-күйіне тексеріс жүргізуге бастама көтерді. Бұл нысан ұзақ уақыттан бері тұрғындардың мазасын қашырды. Өйткені, экологияға айтарлықтай қауіп төндіріп отыр әрі бірқатар заңсыздықтар анықталған.

РКС: Бұл күл үйіндісі қалдықтарды 2-ші аудандық қазандықта орналасқан үш қазандықтан қабылдайды. Қалдықтар қойыртпақ түрінде екі құбыр арқылы түседі. Шаңды басу үшін су экраны қолданылады. Мониторинг геомембрананың бұзылғанын анықтады. Үйінділердің ығысуынан және артық салмағынан нысан 90 тонна салмақты көтере алмады. Сондай-ақ бөгетті құрастыруда заңсыздықтар тіркелді. Қазір авторлық және техникалық қадағалаудың бақылауымен инженерлік-техникалық зерттеу жүргізілуде. Мердігер техникалық шешім қабылданды, құжаттар рәсімделіп жатыр. Жуық арада қайта монтаждау жұмыстары басталып, жылу беру маусымы басталғанға дейін аяқталады деп отыр. Одан соң қоғамдық кеңес мүшелері «Білім-инновация» мектеп-лицейінің құрылысы барысымен танысты. Бұған дейін ғимарат аяқталмаған құрылыс қатарында еді. Жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылған, құны 4 миллиард теңгеден астам. 2021-2023 жылдар аралығында 2,5 миллиард теңге бөлінді. Жоба аяқталуға жақындаған кезде мектеп-интернатқа өзгертілген тұста қаржы білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан берілді. Үш қабатты ғимараттың аумағы 11 мың шаршы метр. Жобаға сәйкес шалғайдағы ауылдардан келген оқушыларға жатақхана қарастырылған.

СНХ: ИГОРЬ ПЛЮСНИН, ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ: Бастапқы бетте бұл жобаның құны 3,5 миллиард теңге болатын. Былтыр 1,9 миллиарды игерілді. Бірақ өткен жылы түзетулер енгізіліп, жоба құны 5 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. 2021-2023 жылдары орындалған жұмыстардың актісіне сәйкес 813 миллион теңгенің жұмсалуына қатысты бізде сұрақ туындады. Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне арыздандық. Жаңа ғана аудит жүргізілетіні туралы жауап алдық. Оған қосымша, құрылыс басқармасына да жүгінген едік, олар бізге ешқандай ақпарат бере алмайтындарын алға тартып отыр. Сатып алынған құралдарды, материалдарды көрсете алмаймыз, ол коммерциялық құпия,кәсіпкерлік кодексін бұзамыз дегенді айтты.

РКС: Ішкі әрлеу жұмыстары мен жапсарлас аумақты абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын. Нысан қыркүйектің бірінде қолданысқа беріледі деген жоспар бар. Қоғамдық кеңестің мүшелері құрылыс қарқынына баға беріп, білім ошағын жаңа оқу жылына дайын етудің маңыздылығын атап өтті.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ