ДИКТОР: Көкшетауда жоғалып кеткен жергілікті тұрғын іздестірілуде. 70 жастағы Сергей Колтаков 28 шілде күні күндіз үйінен шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз. Туыстары сол күні-ақ полицияға жүгінген.

ГРАФИКА: фото және ақпарат:

ІЗДЕУ САЛАМЫЗ!

ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕРІ: ДЕНЕ БІТІМІ ОРТАША ЕР АДАМ, ТАЯҚТЫҢ КӨМЕГІМЕН ҚОЗҒАЛАДЫ, КЕУДЕ ТҰСЫНДА ТЫРТЫҚ БАР. КӨК ДЖИНСЫ ШАЛБАР, ЖАЗҒЫ АЯҚ КИІМ ЖӘНЕ КӨК ТОР КӨЙЛЕК КИГЕН.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Полиция қызметкерлері шұғыл іздеу шараларына кірісті. Жан-жаққа бағдарлау ақпараты жіберіліп, туған туыстары мен мүмкін куәгерлерден сұрау алынды. Жоғалған адамның жоғалған күнгі жүріп өткен болжамды бағыты анықталды.

СНХ: КАРИНА АСҚАРОВА, СЕРГЕЙ КОЛТАКОВТЫҢ НЕМЕРЕСІ: Наурыз айында үлкен қызы қаза тапты. Қатты қайғырды. Жасы да келіп қалған атамның, мүмкін соның бәрін миы қорыта алмай, басына зақым келді ме деп те ойлаймыз. Іштей тынған адамның басынан түрлі жағдай өтеді ғой. Мүмкін қазір үйге келгісі келгенімен, қайда баратынын, қайда тұратынын да білмейтін шығар. Бәрі де мүмкін.

СНХ: ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: 1954 жылы туған Сергей Анатольевич Колтаковтың жоғалып кеткені туралы арыз Көкшетау қалалық полиция басқармасына шілденің 28-і күні түсті. Полиция қызметкерлері бірден алғашқы іздеу шараларын бастап кетті. Ақпарат жиналып, жоғалған күнгі оның қозғалыс маршруты анықталды. Қазір алдын ала болжамға сәйкес оның көршілес Солтүстік Қазақстан облысының аумағында болуы мүмкін. Бұл ақпаратты тексеру мақсатында іздестіру тобы көрші өңірге жолға шықты. Ізеу жұмыстары жалғасуда.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Егер сіздерге Сергей Колтаковтың қазіргі мекенжайы белгілі болса, онда экранда көрсетілген номерге хабарласуларыңызды сұраймыз.

ГРАФИКА:

102

8 707 513 93 29