ДИКТОР: Ауыл мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқарту - мемлекет саясатындағы басым міндеттің бірі. Осы мақсатта Бестөбе кентінде заманауи білім беру нысаны салынып жатыр. Жаңа оқу жылында елдімекенннің 500-ге жуық оқушысы соңғы үлгідегі мектептің табалдырығын аттайды. Бұдан бөлек, дене шынықтыру-саауықтыру кешені мен ашық спорт кеңістігінің құрылысы да қатар жүріп жатыр. Тілші баяндасын.

РКС: Жаңа мектеп елдімекеннің білім беру саласындағы инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам. Сонымен бірге балалардың заманауи жағдайда білім алуына мүмкіндік береді. Енді елдімекеннің 422 баласы жаңа оқу жылында соңғы үлгімен жабдықталған заманауи мектепке барады. Айта кетейік, осыған дейін оқушылар 1958 жылы салынған бірінші мектепте білім алып келген еді. Бірақ, ол апатты деп танылды.

СНХ: КҮЛТАЙ МАҒЗҰМОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ: Сондықтан біз жаңадан салынып жатқан мектепке көшеміз. Қыркүйектің бірінде оқушыларды сол жерде қабылдаймыз. Мектеп робототехника кабинеттерімен жарақтандырылған. Оқушыларды тұлға ретінде тәрбиелеуге барлық жағдай жасалған.

РКС: Мектеп құрылысы білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылып отырғанын айта кету керек. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Білім ошағында спорт және акт залдары, робототехника және шеберлік кабинеттері қарастырылған. Аймақ басшысы елдімекеннің мәдени, спорттық және білім беру шараларына қатысуына қолдау білдіру ретінде микроавтобус сыйға тартты.

ИНТЕРШУМ: Cіздерге осы балаларды мәдени саласына қызмет ету үшін сіздерге бір сыйлық осы газельді береміз.

РКС: Одан соң облыс әкімі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс барысымен танысты. Қазіргі күнге дейін іргетасын көтеру, монолит қабырғасын құру жұмыстары аяқталыпты. Жер асты арқылы тартылатын негізгі жұмыстар да орындалған. Спорт кешенінің құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталғанымен, нысан күні бүгінге дейін аяқталған жоқ. Аймақ басшысы мердігерге құрылысты сапалы аяқтап, бұдан әрі кешіктірмеуді тапсырды.

ЛЮФТ: Қай жақтансың?

– Шымкенттен

– Істей алмайсың ғой. У нас есть местные застройщики, которые возьмут и быстро построят и качественно.Келесіңдер, выигрываешь, ұят емес пе мынау?

– ¬Біз қазір усилиться етеміз.

– У тебя не только здесь, у тебя еще Қарабұлақ есть

– Там такая же ситуация.

РКС: Бұдан бөлек, Бестөбеде ашық спорт кешенінің құрылысы да қызу жүріп жатыр. Қазір футбол алаңының дренаждық жүйесі дайын тұр, аумақтың қоршауын орнату жұмыстары жүргізілуде.

ГҮЛНӘР БЕКЕНОВА, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ