ДИКТОР: Қазақтың ұлы ойшылы, ақын - ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай сөзі – қазақтың бойтұмары» атты әдеби-сазды поэзиялық кеш өтті. Аталған шараны «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық үлгілі кітапхана ұжымы «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалымен және Қоғамдық келісім мекемесімен бірлесіп ұйымдастырған.

РКС: Кеш барысында зиялы қауым өкілдері Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын жан-жақты талдап, оның рухани-адамгершілік қағидаларының маңыздылығына тоқталды. Бірі- ақынның әкесі Құнанбайдың тұлғалық болмысына тоқталса, енді бірі Абайдың қара сөздеріндегі тәрбие мен даналыққа қатысты өз пікірлерін білдірді.

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қара сөз туралы бүгінгі заманда тағы да пікірлер бар. Абай қазақты жек көрді, қазақты жамандай берді дейді, бірақ ол олай емес қой, ағайын.Абай қазақ жаман болсын деп сынаған жоқ, оның сол кезде айтқан қазақ мінезіндегі кемшіліктер әлі күнге бар. Ол - жағымпаздық, ол - іштарлық, ол- көреалмаушылық, ол- малдың соңында кету деген сияқты руханияттан бөлек құйқытірліктің керегі жоқ, дұрыс адам болыңдар, саналы адам болыңдар дегенді жазды.Сондықтан Абайдың қара сөздері өздеріңізге таныс. Көп те емес, өзі 45 ақ сөз. Соны қайта оқып, қадірлеп жүріңіздер.

РКС: Сондай,ақ шараға әдебиет сүйер оқырмандар мен Абай оқулары байқауларының жүлдегерлері қатысты. Ақын шығармаларын мәнерлеп оқу арқылы жастар поэзияға деген құрметін паш етті.

СНХ: ЖӘНЕЛ ҚАСЕНБАЙ, Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ ЖАНЫНДАҒЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖДІҢ СТУДЕНТІ: Осындай жас ұрпаққа рухани құндылықтарды дәріптейтін шаралар жиі өтетініне өте ризамын. Абай Құнанбай ұлы біздің бас ақынымыз, сол себепті, осындай кештерге біз міндетті түрде қатысамыз. Әрине, мен өзім де болашақ мұғалім ретінде Абайдың шығармаларымен таныспын, осындай шығармаларды оқып, дәріптеп, ұлттық мұрамызды болашақ ұрпаққа насихаттап жүремін.

РКС: Әдеби кешке ерекше көрік берген «Көгілдір Көкше» ансамблі. Олар Абайдың өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: ШӘМШИЯ ТОҒАЙБАЕВА, АРДАГЕР-ҰСТАЗ: Абай шығармашылығы әрқашан да, әр заманда ешқашан ескірмейді. Ол кісінің философиялық тұжырымдары сол қазіргі жастарға өте керек. Толық адам деген қандай болу керек, соны да біз Абайдан үйренеміз. Абай ол заманның үні. Абайды оқимыз да, Абайдан үйренеміз де. Жастар да оны оқып әрқашан алда болу керек.

РКС: Кеш соңында Абай мұрасын насихаттауға үлес қосып жүрген бірқатар қатысушы Алғыс хаттармен марапатталды. Бұл - Абай рухын ардақтаған, сөз қадірін түсінген жұрттың рухани бас қосуы болды.

ИНТЕРШУМ: Марапаттау сәті

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ