ДИКТОР: Ол инені жіпке емес, жүрегіне сабақтаған жан. Тұрмыстық бұйымдарды күнделікті өмірде шебер сіңіріп жүрген өнер иесі. Алжапқыш пен сыпыраны жай ғана бұйым емес, рухани мұраға айналдырып келе жатқан шебермен тілшіміз Нұрсәуле Мұратқызы жүздесіп қайтты.

РКС: Бүгінгі кейіпкеріміз Галина Малицкая — ұлттық нақыштағы дүниелерді заманауи тұрмысқа бейімдеп, ұмыт бола бастаған қолөнерді қайта жаңғыртушы. Ол ас үйдің әрбір бұрышын жылылық пен ұлттық бояуға толтырады. Тігін өнеріне оқушы кезінен қызығушылық танытқан. 30 жылдан астам әрбір бұйымды асқан шеберлікпен,талғаммен жасап келеді. Бір қызығы қазір қызын да тігін өнеріне баулып келеді.

СНХ:ГАЛИНА МАЛИЦКАЯ, АС ҮЙ ТЕКСТИІЛІНІҢ ШЕБЕРІ: Ас үй – әйел үшін ерекше орын. Сол әлем жай ғана ыдыс-аяқпен емес, жылы реңк, әдемі өрнекпен, сәнмен толығып тұрса тіптен керемет емес пе?! Сол жайлылықты қамтамасыз ету үшін біз түрлі ас үйге арналған бұйымдарды тігеміз. Көптеген жиынтық ұлттық стильде жасалған. Мен іс тігуді мектепте оқып жүрген кезімде үйрендім. Лариса Петровна деген ұстазымыз керемет жан еді. Тігін өнеріне деген құштарлығымды сол кісі оятты. Мектептен соң орта арнаулы оқу орнында тігіншілік мамандығын аяқтап шықтым.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Шебердің қолынан шыққан алжапқыштар – жай ғана мата емес. Әрқайсысы – ананың алақаны секілді мейірімге толы. Қарапайым ас үй бұйымының өзі көз қуантады, көңіл тоғайтады. Өйткені бұл бұйымдарда – қазақтың болмысы, әйел қолының берекесі жатыр. Шебердің қолынан шыққан ұлттық нақыштағы бұйымға алыс-жақын шет ел қонақтары да үнемі тапсырыс береді. Соңғы ұлттық нақыштағы бұйымға деген сұраныстың артуына байланысты, кейде тапсырыстарды тігіп үлгермей жатамын -дейді шебер.

СНХ:ЕЛЕНА ФОМИНА, ДҮКЕН ИЕСІ: Дүкенді ашқан кезде қолөнер шеберлерін жинау керек болды. Өйткені біз хендмейд шеберлері үшін арнайы алаң жасақтадық. Сол сәтте мен еш ойланбастан Галина Малицкаяны шақырдым. Алты жылдан астам тығыз байланыстамыз, ал осы алаңда бірлесіп жұмыс істеп жатқанымызға бір жылдай болды. Оның қолынан шыққан өнімдер өте сапалы, заманауилығымен ерекшеленеді. Галина өз өнімдері арқылы біздің дүкенімізді атынмал етіп жатыр. Өте қуаныштымын.

РКС: Оның қолынан шыққан әр туынды – қазақы нақыш пен заманауи эстетиканың жарасымды үйлесімі. Тігін өнерін тұрмыстың тынысымен үндестіре білген нәзік жан – бүгінгінің нағыз мұрагері. Ал Галина сынды шеберлер барда ұлттық нақыш ешқашан ұмытылмайды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ