ДИКТОР: Көкшетау әуежайы аумағында терроризмге қарсы «Әуежай-Антитеррор-2025» ауқымды оқу-жаттығу жиыны өтті. Жаттығу барысында ведомствоаралық іс-қимыл пысықталып, жедел топтың әрекетін үйлестіруге ерекше назар аударылды. Ақмола облыстық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабы Көкшетау әуежайының аумағында терроризмге қарсы «Әуежай-Антитеррор-2025» оқу-жаттығу жиынын өткізді. Терроризмге қарсы операцияны өткізу кезінде тартылған жедел топтардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын тәжірибе жүзінде пысықтауға ерекше назар аударылды. Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар барлық бөлімшенің кәсіби даярлығына жоғары баға берді. Үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде шартты бұзақылар бейтараптандырылып, ұсталды. Қатысушылар арасында құрбандар мен зардап шеккендер болған жоқ.