ДИКТОР: Көкшетау қаласы бойынша 80-ге жуық референдум учаскесі таңғы 07:00-ден бастап жұмысын бастады. Соның бірі Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармониясындағы №37 учаске. Мұнда 2703 дауыс беруші тіркелген. Жалпы, бұл учаскеде референдум барысы қалай өтіп жатыр? Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
STAND-UP: ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ТІЛШІ: Біз қазір Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда тұрмыз. Мұнда №37 референдум учаскесі орналасқан. Әзірге 600-дан астам дауыс беруші өз таңдауын жасады. Жалпы, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін филармония қабырғасында мерекелік шарада ұйымдастырылып отыр.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: СӘРСЕНБАЙ ХАСЕНОВ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ: Бүгін жақсы бір тарихи сәт болып жатыр. Филармония шаңырағында болғаннан кейін, біздер өздеріміздің өнерлерімізді көрсеттік. Халықтың көңіл-күйін көтеруге тырысып жатырмыз. Халықтың легі де жақсы.
РКС: Бұл учаскеде мүмкіндігі шектеулі жандардың да емін-еркін келіп, дауыс беруіне ерекше жағдай жасалып отыр. Мәселен, пандустан бөлек арба оп-оңай кіретін арнайы кең кабиналар да қарастырылған. Бұдан бөлек, үйінде дауыс беруге өтініш білдірген тұрғындар да бар.
СНХ: БӘТИМА АЛПЫСБАЙ, №37 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Біздің учаскеде 10-нан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Олар өз таңдауларын жасау үшін комиссия мүшелері жылжымалы жәшікпен үйлеріне барды. Сонымен қатар, кәмелеттік жасқа толып, алғаш рет дауыс берушілердің саны 49. Біз оларды құттықтап, естелік сыйлықтар табыстадық.
РКС: Өз таңдауын жасауға келгендердің қатарында отбасы мүшесімен келген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де бар.
СНХ: ВЛАДИСЛАВА КОКОРИНА, ОБЛЫСТЫҚ "АКМОЛИНСКАЯ ПРАВДА" ГАЗЕТІНІҢ БАС РЕДАКТОРЫ: Референдумға отбасыммен келдім. Себебі, өз азаматтық ұстанымымызды білдіріп, дауыс беруге белсене қатысу маңызды деп есептеймін. Менің қызым Софья алғаш рет дауыс берді. Оған естелік сыйлық табыстады. Жалпы, көңіл-күйіміз жақсы. Референдум барысы керемет өтіп жатыр.
РКС: Жалпыхалықтық референдум маңызды науқан. Ал, референдум барысын "AMANAT" партиясының өкілдері бақылап, дауыс беру процесінің заңдылығын қадағалап отыр.
СНХ: НҰРБЕК ҚАЙЫРЖАНОВ, БАЙҚАУШЫ: Бұл учаскеде дауыс беру процесі белсенді түрде өтіп жатыр. Бәрі қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес. Комиссия мүшелері тыңғылықты дайындалған.
РКС: Жалпы, өңірде дауыс беру құқығы бар азаматтар саны 500 мыңнан астам. Барлық дауыс беру учаскесі кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істейді. Осы уақытқа дейін қала тұрғындары келіп, өз таңдауларын жасауға құқылы.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ