ДИКТОР: Жарқайың ауданында таңғы 07:00-ден 24 референдум учаскесі жұмыс істеді. Бұл өңірде 11 мыңнан астам тұрғын бар. Оның 9 мыңға жуығы дауыс беру құқығына ие болды. Саяси науқан дәстүрлі форматта өтті. Процестің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылданған.
РКС: Өңірде 700 учаскеде 500 мыңнан астам тұрғын дауыс берді. Әр азаматтың даусы маңызды. Сондықтан, аурухана, әскери бөлім және басқа да мекемелерде 60 жабық референдум учаскесі жұмыс істеді. Ал, Жарқайың ауданының тұрғындары саяси науқанда жоғары белсенділік танытты.
СНХ: ЗЕЙНАП ТАҒИЕВА, ПРИГОРОДНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгін мен референдумда дауыс бердім. Мен үшін бұл маңызды оқиға. Себебі, әр азамат елдің өміріне белсене қатысып, өз пікірін білдіруі тиіс. Ал, жауапты шешімдерді бірігіп қабылғанамыз абзал.
РКС: Жалпыхалықтық референдумда дауыс беру әр тұрғын үшін маңызды. Шалғайда жатқан елдімекендерге ерекше назар аударылып отыр. Мәселен, Жарқайың ауданында 25 учаскелік комиссия жұмыс істеді. Оның 24-і азаматтардың тіркелген мекенжайы бойынша, ал 1-і уақытша келу орны бойынша ашылды. 135 комиссия мүшесі жұмысқа тартылды. Олар дауыс беру тәртібін қатаң қадағалады. Референдум учаскелерінде санитарлық талаптар да сақталған. Дауыс беру барысын байқаушылар қадағалап отырды. Сонымен қатар, 120 адам денсаулығына байланысты үйде дауыс берді. Референдум комиссиясының мүшелері бұл азаматтардың үйлеріне жылжымалы жәшік ұйымдастырды.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ