ДИКТОР: Қазақстанда ертең ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады. Бұл науқан Біріккен Ұлттар Ұйымы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымдарының 10-шы Дүниежүзілік бағдарламасы аясында өткізіледі. Ауқымды шараға Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан сынды бірнеше ел қатысып жатыр. Бағдарлама барысында цифрлық технологияларға басымдық беріліп отыр. Бұл әдіс шығындарды азайтып, мәліметтерді жинау мен өңдеу үдерісін едәуір жылдамдатуға мүмкіндік береді.
РКС: Шілденің 28-нен бастап ауыл шаруашылығы өндірушілері санаққа қатысуға СМС шақыртулар ала бастады. 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы кәсіпорны мен 6 мыңдай шаруа қожалығын қамту жоспарланып отыр. Респонденттердің дәл осы санаты тамыз айында онлайн сауалнама толтырулары қажет,-дейді мамандар.
СНХ: РАСУЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: САуыл шаруашылығы санағы екі кезеңде өтеді. Алғашқысы – онлайн, ол тамыздың 1-нен 31-не дейін жалғасады. Онлайн-формат интервьюерлерді күтпей-ақ sanaq.gov.kz сайтында санақты өздігінен өтуге мүмкіндік береді. Бұл уақытты үнемдейді, мәліметтерді жедел жинауға әрі өңдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар мамандардың жүктемелегін азайтады. Олар қыркүйек айынан бастап аралайды. Екінші кезең интервьюерлер үй шаруашылықтарын жеке аралауды бастайды. Ол қыркүйектің 20-нан қазанның 20-на дейін жалғасады.
РКС: Санаққа қол жеткізу үшін электронды цифрлық қолтаңба, СМС немесе GovMobile арқылы QR-кодтың көмегіне жүгіне отырып кіруге болады. Растау коды электронды почтаға немесе телефон номеріне бірден келеді. Статистика бюросының қызметкерлері хабарласып код сұрамайтынын ескерте кету керек.
СНХ: РАСУЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Онлайн-санақтың ең үлкен басымдығының бірі – мәліметтерді сақтаудың мүмкіндігі. Яғни, егер сіз сауалнаманы толтыруды бастап, оны аяқтауды үлгермесеңіз, кез келген уақытта қай жерде тоқтадыңыз, сол жерден бастап жалғастырып әкете бересіз. Егер ауылды жерде репондентте компьютері немесе интернеті болмады делік. Әкімшіліктегі өзіне өзі қызмет көрсететін аймаққа, аудандық сатистика бөлімінің көмегіне жүгінуге болады. Сондықтан біз санақтың өтуіне қолжетімділікті және барлық жағдайды қамтамасыз етуге тырыстық. Облыс бойынша осындай 260 орын жасақталды.
РКС: Тамыздың соңына дейін 1446 номері бойынша тәулік бойы контакт орталық жұмыс істейді. Ол жерде барлық мәселе бойынша техникалық ақаудан бастап сауалнаманың мазмұнына қатысты түсініктемеге дейін көмек алуға болады. Бұдан бөлек, санақтың екінші кезеңіне интервьюерлер қабылдау жалғасуда. Ниет білдірушілер сол номерге хабарласа алады.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ