ДИКТОР: Биыл жұмысшы мамандықтар жылы. Бұл салада өз ісін шебер меңгерген мамандар аз емес. Осы орайда, олардың күнделікті өндірістік тыныс-тіршілігімен танысу маңызды. Өз ісіне адал жандардың бірі – Лариса Ткаченко. Ол 20 жылдан астам уақыт сүт зауытында өндіріс шебері болып еңбек етіп келеді. Жанар Мұқышева жалғастырады.
РКС: Бұл өндірісте Лариса Ткаченко - тәжірибелі әрі сыйлы мамандардың бірі. Ол 2003 жылдан бері өз ісіне адал еңбек етіп келеді. Осы жылдар аралығында жас маманнан өндіріс шебері деңгейіне дейін көтеріліп, бүгінде балмұздақ партиясының сапасына жауапты маман.
СНХ: ЛАРИСА ТКАЧЕНКО, ӨНДІРІС МАМАНЫ: Мен 15 жыл бойы балмұздақ цехының шебері болып еңбек етіп келемін. Алғашқыда зертхана қызметкері болып жұмыс істедім, кейін сүт қышқылды өнімдер цехында маман болып еңбек еттім. Бұл менің сүйікті ісім. Біздің балмұздақтар тұтынушылар тарапынан жоғары бағаланады, ал мен адамдарға қуаныш сыйлайтынымызбен мақтанам. .
РКС: Лариса - тек тәжірибелі маман ғана емес, жауапкершілігі мол кәсіби жұмысын отбасы тірлігімен ұштастыра білген қамқор ана. Ұжымда да, отбасында да абыройлы жан. Күнделікті қызметіне асқан жауапкершілікпен, үлкен жанашырлықпен кіріседі. Әріптестерінің арасында беделі зор. Еңбекқорлығы мен адами қасиеттері көпшілікке үлгі,-дейді әріптесі.
СНХ: НИНА ФИДОСЕЕВА, ӘРІПТЕСІ: Бұл зауытта мен 1966 жылдан бері жұмыс істеймін. Лариса Эдуардовнаны көп жылдан бері жақсы танимын. Ол - өз ісіне өте жауапты, кәсібін жетік меңгерген білікті маман. Қандай тапсырма болса да үлкен жауапкершілікпен, тиянақтылықпен орындайды. Ұжымда сыйлы, әріптестерімен тіл табыса білетін, адами қасиеті жоғары жан., Отбасы мен жұмысын қатар ұстап, балаларына да жақсы тәрбие берген.
РКС: Жұмысшы мамандығының иелері – ел экономикасының тірегі. Күн сайын тынымсыз еңбегімен қоғамға үлес қосып жүрген жандар. Олардың еңбегі әрқашанда да құрметке лайық.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ