ДИКТОР: Биыл Зеренді ауданының 5 мектебі реновация жобасы аясында күрделі жөндеуден өтуде. Соның бірі - Васильковка ауылының негізгі мектебі. Күрделі жөндеу жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын тілшіміз Евгений Варанкин біліп қайтты.

РКС: Қазір жөндеу жұмыстарының 90 проценті аяқталды. Қабырғалар тегістеліп, спорт залының шатыры ауыстырылды. Жылу жүйесі толық жаңартылып, жаңа пластик терезелер орнатылды. Қазір жаңа есіктер орнатылып жатыр. Сондай-ақ, мектеп ауласына жаңа брусчатка төселді. Бұдан бөлек, 20 балаға арналған мектеп жанындағы «Василек» шағын орталығы да күрделі жөндеуден өтуде.

СНХ: ЖАДЫРА НИГМАТУЛЛИНА, ВАСИЛЬКОВКА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Мектеп заманауи технологиялармен жабдықталады. STEM-кабинеті, интерактивтік тақтайлар барлық кабинеттерде болады. Ауыл тұрғындары бұл жаңалықты өте жақсы қабылдады. Ауылда жаңа мектепке деген сұраныс жоғары болатын. Ата-аналар мен тұрғындар үлкен үміт артып отыр. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айына дейін аяқтаймыз деген ойдамыз. Құрылыс жұмыстары Қазақстан Республикасының құрылыс нормалар мен техникалық стандарттарына толық сай жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мердігер компания экологиялық талаптарды да сақтап отыр.

РКС: Жобаны мердігер «Дайал KZ» серіктестігі жүзеге асыруда. Жөндеу жұмыстары аудандық білім бөлімі мен облыстық білім басқармасының тұрақты бақылауында. Сонымен қатар мердігер компания тарапынан да ішкі техникалық бақылау жүргізіліп отырады.

СНХ: ӘДІЛЕТ СЕМБІ, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Ақмола облысында 78 білім беру ошақтарының жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оның 44-і ағымдағы жөндеу жұмыстары, 34-і – күрделі жөндеу жұмыстары. 34 объектің ішінен 20 объект реновация бағдарламасына кіріп жатыр. Яғни, ол бағдарламаның шеңберінде мектептер күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, қазіргі заманауи, заман талаптарына сай мектептер қатарына енетін болады.

РКС: Аталған мектеп балалардың жайлы әрі сапалы білім алуына мүмкіндік береді. Жаңа ғимараттың ашылуы өңірдің дамуына да оң әсер етеді,- деп отыр мамандар.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.