ДИКТОР: Кеше Астана-Петропавл тас жолында ірі жол-көлік оқиғасы орын алып, жүргізуші мен екі жолаушы қаза тапты. Қайғылы оқиға кешкі сағат жетілер шамасында Щучинск қаласының маңында болды. Апат салдарынан «ВАЗ-2107» көлігінде отырған бір отбасы қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, Астана бағытына бет алған «Hyundai Elantra» көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Көкшетауға бара жатқан «ВАЗ-2107» көлігімен соқтығысқан.

СНХ: ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Тамыздың 3-інде Астана – Петропавл автожолының 243-ші шақырымында «Hyundai Elantra» мен «ВАЗ-2107» көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға орнында «ВАЗ-2107» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы қаза тапты. Басқа көліктің жүргізушісі мен 4 жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Кейін олардың біреуі қайтыс болды. Қазір жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Жолға шыққанда жылдамдық режимін, ара қашықтықты, әсіресе қозғалыс қарқынды жерлерде қарсы жолаққа шығуды қатаң сақтауды сұраймыз.