ДИКТОР: Тамыздың 1-інен бастап елімізде ауыл шаруашылығы ұлттық санағы басталды. Бұл науқан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Оның басты мақсаты – аграрлық саланың қазіргі нақты ахуалын жан-жақты саралау. Жиналған мәліметтер алдағы стратегиялық жоспарлауға негіз болып, ауыл шаруашылығын қолдауға арналған мемлекеттік саясатты тиімді жүргізуге жол ашады.
РКС: Ауыл шаруашылығы ұлттық санағы 20 қазанға дейін жалғасады. Бұл ауқымды статистикалық шара он жылда бір рет өткізіліп, еліміздің барлық аумағын қамтиды. Айта кетейік, бұл – елімізде өткізілген екінші ауыл шаруашылығы санағы. Алғашқы науқан 2006–2007 жылдары жүргізілді. Санаққа дайындық аясында өңірде облыстық, аудандық және қалалық комиссиялар құрылды. Әкімшілік-аумақтық шекаралар нақтыланып, елді мекендердің тізімдері жаңартылды.
СНХ: РАСУЛ ЕРҒАЛИЕВ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Санақтың мақсаты ауыл ақпарат алу: техника, мал, егіс алқаптары және еңбек ресурстары шаруашылығының жағдайы туралы толық құрылымы, агротехнологияларды қолдану бойынша. Бұл деректер шаруашылықтардың мемлекетке тиімді аграрлық саясат әзірлеуге, фермерлерді қолдауға және саланы дамытуға көмектеседі.
РКС: Санаққа егіншілікпен, мал шаруашылығымен және балық өсірумен айналысатын шаруашылықтар немесе фермерлік қожалықтар қатысады. Олар пайдаланатын жердің көлемі, оны өңдеу әдістері мен суару тәсілдері туралы мәлімет береді. Сауалнамада мал мен құс басы, балық саны, сондай-ақ техника мен ауыл шаруашылығы жабдықтарының, қоймалар мен басқа өндірістік нысандардың бары туралы да сұрақтар бар. Сонымен қатар тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану, өнім өткізу көлемі мен жұмысшылар саны жайлы ақпарат беріледі. Өңірдегі ірі шаруашылықтар бұл бастаманы қолдап, оның сала дамуы үшін маңызы зор екенін айтады.
СНХ: ИВАН САУЭР, «РОДИНА» АГРОФИРМАСЫ» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл науқанның өзектілігі туралы көп айтылып жүр, бірақ өкінішке орай, ресми деңгейде де көбінесе нақты жағдаймен сарада алшақтық өте көп. Шын мәнінде не өндіретінімізді, қанша жер өңделетінін, мал басының көлемін және қандай өнімнің қанша мөлшерде өндірілетінін анықтап алуымыз керек деп ойлаймын. Әрине, еліміздің өркениет деңгейі мұндай жұмысты ешқандай қиындықсыз жүргізуге мүмкіндік береді. Меніңше, бұл жұмыс өте қолайлы ұйымдастырылған. Әрбір аграршының міндеті – осы науқанға белсене қатысып, оны ұйымдасқан түрде өткізу.
СНХ: СВЕТЛАНА ОРЕХОВА, «ЖЕР-1» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС АГРОНОМЫ: Көп жыл жұмыс істеп келе жатқан маман ретінде, санақтың уақытылы жүргізілуі қажет деп санаймын. Әрине, ауыл шаруашылығында да белгілі бір құрылым болуы тиіс, нақты жоспар қажет деп ойлаймын. Бүгінде бұл санақ жерлеріміздің сандық көрсеткішін анықтауға, олардың жағдайдайын және қалай пайдаланылып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Осы арқылы мемлекет жерлерді тиімді пайдалану жөнінде жоспар құра алады. Әрине, бұл жұмыс субсидиялау және мемлекеттік қаржылай қолдаумен де тығыз байланысты.
РКС: Айта кетейік, ауыл шаруашылығы ұлттық санағы екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең тамыздың 1-і мен 31-і аралығында онлайн форматта sanaq.gov.kz сайтында жүргізіледі. Қатысушылар сауалнаманы электронды түрде өздігінен толтыра алады. Сайтта сауалнама аграршылар мен үй шаруашылықтары үшін қолжетімді. Екінші кезең қыркүйектің 20-сында басталып, қазанның 20-сына дейін жалғасады. Санақ планшеттерді пайдалана отырып, офлайн форматта жүргізіледі. Интервьюерлер бірінші кезеңге қатыспаған жеке қосалқы шаруашылықтарға барып сауалнама жүргізеді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, АРАЙЛЫМ ШЫТЫРЫМБЕК, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ