ДИКТОР: Абайдың 180 жылдығы қарсаңында Көкшетауда жаңа арт-нысан пайда болды. Абай көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің қабырғасына қазақтың ұлы ақыны, ойшыл ағартушының портреті салынды.

РКС: Муралдың авторлары - Көкшетаулық және Ақтаулық суретшілер. Олардың айтуынша, ұлы Абайдың бейнесін оның 180 жылдығына орай салуды ұйғарған. Бұл жұмысқа шамамен бес күн кеткен.

СНХ: АЛДИЯР ЖӘКЕЕВ, СУРЕТШІ: Біз бұл муралды адамдар ұлы Абайды еске алып, оны әрдайым жадымызда сақтасын деген ниетпен жасадық. Абай Құнанбайұлының муралын ақынның атындағы көшеге салу идеясын әкімдікпен бірлесе жүзеге асырдық, әрі көп ұзамай ұлы ақынның 180 жылдығы аталып өтіледі. Біз осы арқылы Абайды ұмытпағанымызды көрсетіп, қаламызды көркейтуге өз үлесімізді қостық.

СНХ: АСХАТ ОРЫНБАСАР, СУРЕТШІ: Мен Ақтау қаласының тумасымын. Бұл жерге жұмыс барысымен келіп тұрмын. Бұл жұмыс өзіме қатты маңызды. Алдымен Абай атамыздың мерейтойы осы жылы, одан бөлек орындаған жұмыстарымды мән - мағынасы, адамдарға пайдасы болсын деп орындаймын. Мен үшін жұмысты көріп кеткен адам мен жұмыстың арасында диалог болу. Бұл жұмыс халықтың назарына түсетіндей толығымен, халықтың көңілінен шығатындай жұмыс болсын деген оймен істелген. Бұрында да Абай атамыздың суреті орналасқан бұл жерде. Оны барынша жаңарттым, қолымнан келгенше күшіиді, білімімді қосып жасадым.

РКС: Қала тұрғындары да жаңа арт-нысанды жоғары бағалады. Олардың айтуынша, мұндай сурет кез-келген адамға шабыт сыйлап, ауданға ерекше реңк береді.

СНХ: ҚАРАҚАС ІРГЕБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұл - Абайдың туған күніне орай өте тамаша бастама. Мен жақында оның басына барып келдім, ал қайтып оралғанымда осындай жаңашылдықты көріп қуандым. Жұмысқа бара жатып осы муралды көріп, көңілім көтеріледі. Абайды тек туған күнінде ғана емес, күнделікті өмірде де еске алып жүретінімізге қуаныштымын. Көп адам осы жерде суретке түсіп жатады. Бұл біздің тарихымыз, біз болашақ ұрпаққа осындай өнеге қалдырып жатырмыз.

РКС: Айта кетейік, 10 тамыз - Абай күні аталып өтеді. Енді көкшетаулық тұрғындар үшін қазақ халқының ұлы перзентін еске алуға тағы бір себеп бар. Алдағы уақытта суретшілер тағы 16 мурал салуды жоспарлап отыр.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ