ДИКТОР:Қазақтың қазынасы – көздің жауын алатын қолөнерінде. Әр жіптің иірімі, әр өрнектің мәні бар.Осы оюмен өрілген өнердің бірі – көрпеше тігу. Бұл – бір кездері әр қазақ әйелінің қолынан табылған, бүгінде тек таңдаулы шеберлердің еншісіне айналған сырлы кәсіп. Көкшетаулық шебермен тілшіміз кездесіп қайтты.

РКС:Бүгін біз Көкшенің төріндегі ісмер жанның шеберханасында қонақпыз. Ол – ұзақ жылдан бері ұлттық көрпеше тігіп, көне дәстүрді жаңғыртып келе жатқан шебер Гүлнәр Серікжанова.

СНХ:ГҮЛНӘР СЕРІКЖАНОВА, ҚҰРАҚ КӨРПЕШЕ ТІГЕТІН ШЕБЕР: Кішкентай кезімнен апам үйреткен қолөнерді әлі де мұра қылып, өзіммен бірге әкеліп, үлкендерге де жастарға да үйретіп келе жатырмын. Себебі ол бізге қалған қазақтың мұрасы деп санаймын.Құрақ көрпе деген әр шаңырақта қазақтың иісін шығаратын бір бұйым. Күрделі құрақтар, қошқар мүйіз осыларды мен құрақ көрпеге пайдаланамын. Құрақтан басқа да осындай әдемі бұйымдар жасаймыз.Тақиялардың үстіне де құрақ қолданамыз. Қошқар мүйіз-молшылықты білдірсе, тұмарша-қорғанышты білдіреді.

РКС:Гүлнәрдің әр бұйымы көздің жауын алады. Көрпешелерін еліміздің түкпір-түкпірінен ғана емес, шет елден де тапсырыс беріп алдыртады. Қазақ қолөнерінің әлемдік деңгейге шығуының бір дәлелі осы деуге болады. Қазақтың оюлы көрпешесі – тек бұйым емес, ұлттың рухани байлығы. Оны тігетін шеберлер – мәдениеттің шырақшылары.

СНХ: ГҮЛДАРАЙ ИСИНА, ҚОЛӨНЕРДІ ҮЙРЕНУШІ: Гүлнәр деген қызым бәрін айтып, өзіміз де жақсы өнер үйреніп жатырмыз.Өзіміздің қара көзіміздің ұйымы ашылып, қазақтар келіп үйренудеміз. осындай тақия тігіп үйреніп жатырмыз. Немерелеріме тігіп бәрін сыйлық ретінде. Осындай орталық ашылғанына қуаныштымын.

РКС: Осындай өнер иелері барда дәстүр де, ұлт болмыс та мәңгі жасай бермек. Шебердің тағы бір мақтанышы – шәкірттері. Ол ұлттық өнерді келешекке аманаттап, көрпеше тігудің қыр-сырын жас буынға үйретіп келеді.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ,КӨКШЕ АҚПАРАТ