ДИКТОР: Жыл соңына дейін Көкшетауда жаңа 145 автобус аялдамасы орнатылады. Оның 128-і ашық және 17-сі жылы, жел мен аяздан қорғануға болатын жабық үлгідегі аялдама. Аталған жұмыстарды іске асыруға жергілікті бюджеттен 300 млн. теңге бөлінді.

РКС: Ашық және жабық түріндегі павильондарды орнатудың принципі ең алдымен жолаушылар ағынына негізделген. Бірінші кезекте оқу орындарына, балабақшалар ауруханалар мен емханаларға жақын орналасқан аялдамалар есепке алынды. Бірақ, жаңасы әлі орнатылған жоқ. Жергілікті жұртшылықтың автобус күтетін аялдамаларының қазіргі сиқы осындай. Ешқандай паналайтын жері жоқ.

СНХ: ГРИГОРИЙ ИВАНЮК, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Көкшетау-Красный Яр бағытының бойында бірде бір аялдама жоқ. Кішкене жаңбыр сіркіресе адамдар қайда тығыларын білмей дал болады. Балалар жолдың жиегінде отырады. Біреу астына пакет төсеп отырады, енді бірі маңайдан тақтай іздеп әлек болады.

РКС: Жұмыс кестесіне сәйкес барлық аялдама қазан айының соңына дейін ауыстырылады деген жоспар бар. Мамандар жұмысты жеделдету үшін аялдамаларды ауыстырудың осындай жолын таңдапты.

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКПАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл аялдамаларды ауыстыру кезінде неге мұндай шешім қабылданды? Ең алдымен бұл жұмыстарды жеделдету үшін. Өйткені, барлық 145 аялдама павильонын қайта монтаждау үшін көп уақыт кетеді. Ал бізді келісім-шарт тек шілде айында ғана жасалды. Сондықтан осындай шешім қабылданды.

РКС: Ескі аялдамалар базаға жеткізіледі. Олардың жай-күйіне саралау жасалғаннан кейін, қала шетіне қажет жерлерге орналастырылады.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ