ДИКТОР: Сенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында «Оқжетпес» футбол командасы Семей қаласының «Елім-ай» құрамасымен кездесті. Матчтың барысын Евгений Варанкин тамашалап қайтты.

РКС: Бірінші таймда көкшетаулықтар бірнеше шабуыл ұйымдастырып, қауіпті сәттер жасай алды. Семейлік команда бұл кезеңде негізінен қорғаныста ойнады, дегенмен олардың да қақпаға бағытталған бірнеше шабуылы болды.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ВОРОБЬЕВ, ЖАНКҮЙЕР: Бесінші немесе алтыншы орын сақталады деп ойлаймын. Себебі екі ойынды өз алаңында өткізеді. Көңіл-күй де жақсы деңгейде сақталады. Жанкүйерлер де соған үміттеніп отыр. Ауа райы да қолайлы. Жаттықтырушылар күнде жаттықтырып жатыр. Күн сайын келіп, қарап отырамын. Шымкентте де өте жақсы ойнады.

РКС: Екінші таймның 54-минутында «Оқжетпес» командасының ойыншысы Дәурен Жұмат қарсылас қақпасына гол соқты. Ал 66-минутта семейлік Ғалымжан Кенжебек пенальтиді дәл орындап, есепті теңестірді.

СНХ: АЛЕКСЕЙ КАПИТОНЕНКО, ЖАНКҮЙЕР: Шынымды айтсам, күтпеген едім — бірінші ойынды өткізіп жатыр. Команда жаман емес, жақсы құрам жасақталған. Бірақ ойын саны аз — маусымда небәрі 25-26 матч. Бұл тым аз. Егер 30-40 ойын болса, ойыншылар да жақсы формада болар еді. Қазір бір апта бойы ойын өтпесе босаңсып қалады. Тілейтінім — алғашқы бестікке немесе кем дегенде үздік алтылыққа кіру. Егер мүмкін болса, еурокубокқа да жолдама алса екен — әрине, бұл қуанышты жағдай болар еді.

СНХ: ҚАЙРАТ НҰРДӘУЛЕТОВ, «ОҚЖЕТПЕС» ФУТБОЛ КЛУБЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: Бірінші таймда аздап ыңғайсыздық болды, себебі «Елім-ай» командасының екінші нөмірмен, яғни қорғаныста ойнайтынын күткен жоқпыз. Қарсы шабуылдарға көбірек сүйенеді деп ойламадық. Сол себепті бірінші таймда ойын өткір болған жоқ. Екінші таймда тактиканы өзгертіп, ойыншыларға орталыққа жиі өтіп, шабуылды күшейтуді тапсырдық. Ойын жанданып, өткірлене түсті. Меніңше, екінші таймда шабуыл жағынан белсендірек ойнадық. Бұл гол соғуға да себеп болды. Жеңіске үміт арттық. Тең нәтиже де жаман емес, бірақ бүгін жеңіске көбірек ұмтылдық.

РКС: Сонымен есеп 1:1. Ойын қорытындысы бойынша «Оқжетпес» командасы турнир кестесінде 6-орында, ал «Елім-ай» 5-орында қалды. Келесі ойынды көкшетаулықтар өз алаңында тамыздың 9-ы күні «Жетісу» командасына қарсы өткізеді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.