ДИКТОР: Қазақстан Республикасы Су кодексінің 17-бабына сәйкес, азаматтарға барлық су нысандарына тегін қолжетімділік қамтамасыз етілуі тиіс. Бүгін бұл өзекті мәселе кәсіпкерлер палатасының алаңында тағы да талқыланды. Пікірталастың қорытындысы туралы тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: Өткен аптада ғана осы мәселе туризм жөніндегі кеңейтілген кеңесте қызу талғыға түскен еді. Онда облыстағы демалыс аймақтары мен су қоймаларындағы жағажайлардың қызметі қаралған болатын. Сол тұста мемлекеттік органдардың өкілдері ортақ бір шешімге келе алмады. Азаматтардың су айдындары мен жекеменшік жағажайларға қолжетімділігіне қатысты талқылау бүгін де жалғасты.

СНХ: ВАЛЕНТИНА ГЕРАЩЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ТҰТЫНУШЫЛАР ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Азаматтар барлық жағажай аймақтарына, кәсіпкерлер жалға алған рекреациялық орындарға еркін кіруге құқылы деп түсінеді. Сондықтан бұл жерде екіұшты жағдай туындап отыр. Халық жағажайға тегін кіргісі келеді. Ал кәсіпкерлер қаражатын салып, инвестиция құйып отыр. Сондықтан бұл мәселе барлық мемлекеттік органдарда талқылануда. Бүгінде аталған мәселені реттейтін нақты нормативті база жоқ.

РКС: Бурабай көлі аумағында 23 жағажай бар. Оның ішінде арнайы жабдықталған демалыс аймақтары да, демалушылар үшін қолжетімді жеке тыныш орындары да бар. Кәсіпкерлер азаматтардың су айдындарына еркін кіріп, кәсіпкерлердің ақылы қызметтерін пайдаланбаса, олардың қауіпсіздігін кім қамтамасыз етуі тиіс деген сұраққа жауап іздеуде.

СНХ: ЕРБОЛАТ НЫСАНБАЙ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: Су кодексінің ішінде 17 бапта ортақ су пайдалану құқығының нақты нормалары көрсетілген, 3-4 тармақтарында. Ортақ су пайдалану үлгілік қағидалары министрлік тарапынан 11 шілдеде бекітілді. Осы бойынша өңірлік жергілікті атқарушы органдар, әрбір өңірге негіздеп жасау керек. Әзірлеу керек осы нормативтік құқықтық актіні. Су айдындарда ешқандай қоршаулар, шаруашылық жүргізуге, күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады. Осы су кодексінің ішінде су нысанына тікелей қол жеткізу үшін нақты жолдар берілу керек. Жалға алушы кәсіпкерменен арадағы қарамақайшылықтар болмас үшін.

РКС: Пікірталас барысында қарастырылған мәселе бойынша сұрақтар әлі де көп. Алайда мемлекеттік органдар өкілдері Су кодексінің 17-бабын толықтыру немесе қайта қарастыруға қатысты ұсыныс білдірді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.