ДИКТОР: Он жылдан астам тарихы бар өңірдегі ең белсенді этномәдени бірлестіктердің бірі - Чуваш орталығы. Қазақстандағы алғашқы чуваш қоғамдық ұйымы Көкшетауда жұмыс істеп тұр. Орталық ұлттық дәстүрлерді сақтаумен қатар, жастарды ана тіліне баулып, көне чуваш халқының мәдениетін танытуда. Көкшетаулық чуваш қауымының бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы тілші баяндайды.
РКС: Көкшетаудағы чуваш этномәдени орталығы 2014 жылы құрылған. Қазақстандағы чуваш диаспорасының алғашқы ресми бірлестігін Көкше өңіріне белгілі меценат, кәсіпкер, былтыр ғана өмірден озған Елена Мащинская негізін қалаған еді. Мұнда тұрақты түрде фольклор кештері өткізіледі. Чуваш тілі мен дәстүрлі қолөнер түрлеріне үйретіледі, сондай-ақ қалалық шаралар мен этнофестивальдерге белсенді қатысады.
СНХ: АРТЁМ МАЩИНСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЧУВАШ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Чуваш халқы - Қазақстандағы саны жағынан ең аз этностың бірі. Бүгінде Көкшетау қаласындағы чуваш этномәдени орталығында 56-ға жуық белсенді қатысушы бар. Біз өз қауымдастығымызды кеңейтіп, жаңа қатысушылар мен пікірлес адамдарды тартуға тырысып келеміз. Чуваш халқының өкілдері Ақмола облысының әртүрлі аймақтарында тұрады.
РКС: Чуваш этномәдени бірлестігі Ақмола облысында тұратын чуваш ұлтының өкілдері туралы мәліметтерді жинау бойынша жүйелі жұмыс атқаруда. Мұнда көрнекті чуваш тұлғаларына арналған танымдық кештер ұйымдастырылып отырады. Орталықтың белсенді мүшелері «Қоғамдық келісім» мекемесі өткізетін іс-шараларға жиі қатысып жүр. Сонымен қатар, бірлестік ашылғаннан бері әлеуметтік жағынан мұқтаж азаматтарға тұрақты түрде қайырымдылық көмек көрсетуде.
СНХ: АРТЁМ МАЩИНСКИЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЧУВАШ ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біздің орталық 2020 жылы «Улах» атты чуваш тілі курстарын ашты. Бұл чуваш диаспорасы өкілдері арасында ана тілімізді сақтау мен дамыту жолындағы маңызды қадам. Былтыр біз «Достар» мәдениет үйінде халықаралық концерт ұйымдастырдық. Шараға Чуваш Республикасының халық әртістерінен құралған халық ансамблі келді. Ансамбль тамаша концерттік бағдарлама ұсынды. Көрермендер залы лық толы болды.
РКС: Қазақстандағы алғашқы чуваш қоғамдық бірлестігі ұлттық мәдениетті сақтау, дамыту және насихаттауды жалғастыруда. Бірлестік алдағы уақытта концерттер мен іс-шаралар ұйымдастырып, жастарды тартуды көздеп отыр.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ