ДИКТОР: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы алғаш рет 2019 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көрініс тапты. Ал 2020 жылы ол 2030 жылға дейінгі мемлекеттік басқару тұжырымдамасының бір бөлігіне айналып, елдің ішкі саясатының негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілді. Бүгінде бұл тұжырымдама еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып, түрлі салаларды қамтып отыр.
РКС: Тұжырымдамаға сәйкес, жалпы мемлекеттік саясат пен реформалар халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға арналуы тиіс. Негізгі қағидат - «Адам - басты құндылық».
ГРАФИКА: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел әрі тиімді жауап беретін «Халық үніне құлақ асатын мемлекетті» іске асыру. Тек билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог арқылы ғана қазіргі геосаяси жағдайға бейімделген үйлесімді мемлекет құруға болады.
РКС: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауларындағы жұмысынан да айқын көрініс тауып келеді. Бұл жерде филиал төрағалары, депутаттар және мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды қабылдайды. Жыл басынан бері өңірде 1200-ден астам қабылдау өткізілді.
СНХ: ДАРХАН ҚАНАФИН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ МЕҢГЕРУШІСІ: Облыста партия филиалының 20 қоғамдық қабылдау белмелері жұмыс жасайды. Оның ішінде, 1 облыстық, 2 қалалық, 17 аудандық қабылдау бөлмелері. Ағымдағы жылдың 6 айында 4 843 өтініш келіп түсті, оның 51% оңтайлы шешілді. Демек, әр екінші өтініш-тілек оң шешімін табуда деген сөз.
РКС: Қоғамдық қабылдауларда сондай-ақ, ашық есік күндері мен заңгерлердің, адвокаттардың, медиаторлардың, жеке сот орындаушылары мен нотариустардың қатысуымен жеке қабылдаулар да өткізіледі. Мамандардың пікірінше, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаттарын іске асыру – тиімді, заманауи әрі әділ мемлекеттік басқару моделін қалыптастырудың кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жолы.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ