ДИКТОР: Ата кәсіптің тамырын үзбей, адал кәсіпті ұрпақтан ұрпаққа аманаттап келе жатқан балықшы қауымының кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Аталған шара өңірдегі балық шаруашылығын дамытуға ұзақ жыл сүбелі үлес қосқан сала ардагерлері мен білікті мамандардың басын қосты.

РКС: Бүгінде балық шаруашылығы - аймақ экономикасында өзіндік орны бар, тұрмыстық-шаруашылық, тарихи мән-мағынасы жоғалмаған береке-байлық. Осыған орай, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова балық өсіру, оны сақтау және көбейту бағытында қажырлы еңбек етіп жүрген сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне толағай табыс тіледі.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Сіздерді кәсіпкерліктеріңізге, жауапкершіліктеріңізге және өз істеріңізге деген шынайы адалдықтарыңызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің қосқан үлестеріңіз өңірдің экологиясы, азық-түлік қауіпсіздігі мен экологиялық дамуы үшін баға жетпес. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын. Алдағы жоспарларыңыз орындалуына тілектеспін.

СНХ: НЫҒМЕТ ҚАУАШЕВ, ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі күні Ақмола облысында балық шаруашылығы қарқынды даму үстінде. Бүгінгі күні 232 тауарлы шаруашылық құрылған. Олар өздерінің міндеттемелі жоспарларын орындап отыр. Биыл міндетті балық өсіру көлемі 2000 тонна. Оны жылдың аяғына дейін өсіреміз деген үмітіміз бар. Балық шаруашылығының дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатыр. Мысалы субсидиялар беріліп жатыр балық шабақтарын сатып алуға, балық азықтарын алуға. Өзіміздің барлық балық өсіріп, қорғап жатқан әріптестерімізді кәсіби мерекемізбен құттықтаймыз. Жұмыстарына табыс тілейміз.

РКС: Мерекелік шара барысында өңірдің бірқатар сала маманы «Балық шаруашылығы саласындағы мінсіз қызметі үшін» төсбелгісімен және осы саланы дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хаттармен марапатталды. Солардың қатарында жеке кәсіпкер Алдаберген Тәшенов те бар. Ол аталған салада 35 жыл бойы абыройлы еңбек етіп келеді. Көп жылғы табанды еңбегі мен саланың өркендеуіне қосқан үлесі үшін Алдаберген Тәшенов облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЛДАБЕРГЕН ТӘШЕНОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: 35 жылдан асып кетті, міне, Зеренді ауданының балық шаруашылығын дамытып жатырмыз. 3 көліміз бар. Соның ішінен үкіметпен аквакультура саласында айналысып жатырмыз. Өсімді балықтарды сатып алып, соларды өсіріп жатырмыз. Өзіміздің тұқымдар, Ақмола облысы, Қостанай, Петропавлдан аламыз. Ресейден тұқып алып келіп, ұрықтарын алып өз көлдерімізде өсіріп жатырмыз. Бүгінгі балық шаруашылығы күнімен құттықтап жатыр. Бәріне көп көп рахмет. Ақмола облысы бойынша әріптестеріміз де марапатталып жатыр. Бәрін құттықтаймын. Облысымызда балық шаруашылығы дами берсін.

РКС:. Шара концерттік бағдарламаға ұласты. Әсем әндер кештің шырайын келтіріп, сала мамандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ИНТЕРШУМ:

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ