ДИКТОР: Жайдары жаз көпшіліктің демалысқа шығатын кезеңі. Сол уақытта әсем ән мен тәтті күйге бөленіп, салқын самалда әуезді музыканың ырғағына бөленетін ерекше мезгіл. Осындай шақта шалқар көлдің жағасында тұрып, жағалауда жаңды дауыста гитарамен ән шырқағанға не жетсін! Көкшетаудағы жаңа жағалауда «Ашық микрофон» форматында дәл осындай шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Қала тұрғындары сүйікті әндерін шырқап, жиналған қауымның ыстық ықыласына ғана емес, сыйлықтарға да ие болды.
ИНТЕРШУМ:
РКС:. Ашық аспан астында өткен шағын концертке қала тұрғындары көп жиналды. Кештің шымылдығын ашқан көкшетаулық жас өнерпаздар махаббат, достық тақырыбына арналған әндерді шырқады.
СНХ: ӘЛІБИ РАЙЫМБЕК, Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Бала кезімнен бастап әнді жақсы айттым. Гитарада өте жақсы талпынысым болған. Мені жастар тобы кешке ән айтуға шақырған ән айтып берші деп. Ән айтқанды өзім өте жақсы көремін, гитарада ән айтқанды микрофонда.
РКС: Бойларындағы талантты көрсетіп, ән шырқау, сол арқылы халық жүрегіне жол табу – әр жас дарын үшін ерекше сәт. Осындай кештер арқылы жас дарындарды анықтап, халыққа таныстыру.
СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Жастардың әлеуетін арттыру, өздері осындай ортада бір-бірлерімен танысу, бірге сырластарын табу. Облыстық «Талантты жастар фестивалі» деген шара ұйымдастырудамыз. Сол жақта бізде cover нұсқасын орындау атты белгілі бағыт бар. Сол жаққа біздің осы азаматтар қатысып, өздері ақшалай қомақты сыйақы ұтып ала алады. Жастар әр уақытта мемлекеттік жастар саясатын қолдай отырады да, сол жақтағы әртүрлі шараларға қатысады.
РКС: Рухани іс-шара алдағы уақытта да жиі өткізілмек. Жастардың жазғы уақытта бос уақытын ұтымды ұйымдастыру мақсатында бұдан басқа да түрлі шаралар қарастырылған.
БЕЙБАРЫС ШАЛАБАЕВ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.