ДИКТОР: Бүгінде техникалық мамандықтар тек ер адамдарға ғана тән деген ұғымның түбегейлі өзгергені анық. Соның жарқын дәлелі – Көкшетау құрылыс-технологиялық колледжінің студенті Мөлдір Серікова. Ол – болашақ электрик. Әріптесім Нұрсәуле Мұрат жүздесіп қайтты.

РКС: Қоғамда бұл сала ер-азаматтарға тән деп қабылданғанымен, Мөлдір электр тізбектерін сызу, ток күшін есептеу, тіпті тоқпен жұмыс істеу сияқты күрделі тапсырмаларды еркін меңгеріп келеді. Қазір үшінші курс студенті. Отбасының тұңғышы. Ата-анасының көз қуанышы.

СНХ:МӨЛДІР СЕРІКОВА, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ: Мен электрик мамандығы саласына кішкентай кезімнен қызығушылық танытатынмын. Үйде бір нәрсе бұзылып қалғанда маған қызық болатын. Содан бастап мен электроника саласына келдім. Содан кейін оқып, түрлі нәрселерді үйрендім. Кішкентай кезімде мен розеткалардан қорқатынмын. Қалай болады деп. Өйткені,электрика саласында тек ер адамдар ғана жұмыс істейді. Мен қорқып жүрдім. Мен сияқты нәзік жандылар жұмыс істейтініне көзім жетті. Мен бұған келгеніме өкінген жоқпын.

РКС: Мөлдір –белсенді, алғыр студент. Білімде ғана емес, кәсіби жарыстардың жүлдегері. Күш-қайрат пен білімнің иесі Мөлдір– бүгінгі заман жастарының жарқын бейнесі. Электрик болу – оның мақсаты ғана емес, миссиясы. Құрылыс-технологиялық колледж биыл 25 түлекті жұмысшы мамандар қатарына қосып отыр. Келер жылы да осы шамада жұмысшы мамандар қатарын толықтырмақ. Солардың қатарына Мөлдір де қосылады.

СНХ: АНЕЛЬ АРҒЫНБАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ: Мөлдірді біз 2-курстан білеміз. Ол қыз енді біздің студентіміз. Ол ұқыпты, білімді, талапты студент. Және де ер студенттерге қарағанда жауапкершілігі көп.

РКС: Электр қуаты – өмірдің күре тамыры болса, Мөлдір – сол қуатты жарыққа айналдыратын болашақ шебер.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ