ДИКТОР: Бүгіннен бастап «Астана-Бурабай курорты» бағытында Comfort+ санатындағы вагондары бар жаңа электр пойызы жүре бастады. Бұл курортты аймаққа келетін туристерге жасалып отырған жағдай.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Пойыз жазғы демалыс мезгілінде ғана емес, жыл бойы елорда мен Бурабай курорты арасында ыңғайлы әрі жылдам қатынау үшін ұйымдастырылып отыр. Бұл бағыт – туристер мен демалушылар үшін таптырмас шешім.
СНХ: МӘДИНА БАЙЖАНОВА, ТУРИСТ: Бүгін демалуға келдік Бурабайға. Бүгінгі 3-ші класспен осы жаңа пойызбен келіп жеттік. Өте комфортты және қолайлы, бағасы да жақсы. Ескі электричкаларға қарағанда осы ең жақсы болып келетін шығар. Кондиционерімен, салқын. Бәрі керемет.
РКС: Пойыз салоны ыңғайлы орындықтармен және заманауи интерьермен жабдықталған. Барлық вагондарда мобильді құрылғыларды қуаттауға арналған USB-ұяшықтары бар. Жаңа электр пойызы бұл бағытта сейсенбі және сәрсенбіден басқа аптасына 5 күн жүреді.
СНХ: САЛТАНАТ БАЙМАҒАМБЕТОВА, АСТАНА-БУРАБАЙ БАҒЫТЫНДАҒЫ №887/888 ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ: Бүгін біз үшін үлкен мереке – «Бурабай экспресс» жоғары жылдамдықты электр пойызын іске қостық. Пойыз құрамында 6 вагон бар. Жалпы орын саны – 374, ол 3 класқа бөлінеді. Жол бойында үзіліссіз Wi-Fi мен буфет қызметі жұмыс істейді. Бірінші класта жолаушыларға тағамды орынға дейін жеткізу мүмкіндігі бар. Пойызда мүгедектігі бар адамдарға арналған пандустар мен арнайы орындар қарастырылған, бұл орындар кең әрі ыңғайлы. Сондай-ақ, пойыз жөнелтілуге 10 минут қалғанда кассада билет сату тоқтатылады. Дегенмен кешігіп келген жолаушыларға билет рәсімдеуге мүмкіндігіміз бар.
РКС: Жаңа электр пойызында қолжетімділік пен инклюзивтілік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Вагондарда биодәретханалар орнатылған. Пойыздың вагондарының басында және соңында платформалық көтергіштер бар, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың пойызға еркін мініп-түсуіне мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.