ДИКТОР: Қосшыда «AI тергеушінің көмекшісі» атты жаңа жобаның пилоттық сынақ кезеңі іске қосылды. Бұл жүйе қылмыстық істерді тергеу үдерісін жеңілдетіп, ведомстволық деректер базасын жаңғыртуға бағытталған. Жобаның таныстырылымына облыс әкімі Марат Ахметжанов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов қатысты.

РКС: «Тергеушінің көмекшісі» атты жаңа жүйе тергеушілердің жұмысын автоматтандыру арқылы олардың тиімділігін арттыруға бағытталған. Жүйе қылмыстық істер бойынша процестік құжаттарды жедел әрі сапалы әзірлеуге, куәгерлер мен қатысушылардың мәліметтерін өңдеп, сараптауға және оларды өзара салыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жиналған ақпаратты талдау негізінде болжам жасап, тергеу барысын нақты жоспарлауға жағдай жасайды деп күтілуде.

СНХ: ДМИТРИЙ КУТНЯКОВ, ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ: Жүйе үш негізгі модульден тұрады. Біріншісі - жоспарлау модулі. Бұл модуль тергеуші оқиға орнына келген кезде жинақталған бастапқы мәліметтер негізінде тергеу жоспарын құруға көмектеседі. Екіншісі - транскрипция және жауаптарды талдау модулі. Ол куәгерлер мен күдіктілердің жауаптарын салыстырып, сәйкессіздіктерді анықтайды, негізгі фактілерді бөліп көрсетеді және қажет болған жағдайда қосымша сұрақтар ұсынады. Үшіншісі - айыптау актісі модулі. Бұл модуль тергеу барысында жинақталған барлық материалдардың негізінде тергеуші дайындайтын негізгі қорытынды құжат, ол айыптау актісін автоматты түрде әзірлеуге мүмкіндік береді.

РКС: Аймақ басшысы Марат Ахметжанов бұл бастаманың қауіп-қатерлерге дер кезінде әрекет етіп, қылмыстық әрекеттердің алдын алуда маңызы зор екенін атап өтті.

ИНТЕРШУМ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Енді Президент қойып отырған қағидат бойынша «Заң мен тәртіп» тек қана тергеушілерге көмек емес, бұл қазіргі мына халықтың сұранысы бар. Қосшы қаласы өсіп келе жатқан қала. Бір мың камера қоямыз, жоба бар, жай кам,ералар емес, бақылауы бар, жасанды интеллектісі бар ішінде , қазір сол жобаны бастаймыз. Бұл елдің, халықтың қауіпсіздігі үшін.

СНХ: ӘДІЛ КӘРІМЖАН, ҚОСШЫ ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Тергеушінің көмекшісі» жүйесі қазір Қосшы қалалық полиция бөліміндегі барлық тергеушіге қолжетімді. Ең алдымен, жүйедегі кейбір кемшіліктерді анықтап, бағдарламаны одан әрі жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Жасанды интеллектке негізделген бұл жүйе қылмыстық істерді тергеудің сапасын едәуір арттырады деген сенімдеміз. .

РКС: Айта кетейік, бұл бағдарлама тергеушінің орнын алмастырмайды, тек оның жұмысын жеңілдетіп, тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Жоба әзірлеушілерінің айтуынша, жүйе жеке деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын толық сақтауға мүмкіндік береді.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ