ДИКТОР: Көкшетауда ұлттық дәстүрді дәріптеп және оларды өз қолөнері арқылы халыққа жеткізіп жүрген шебер бар. Солардың бірі-Роман Никитенко қолдан астау жасайды. Қазақ дастарханын оның қолынан шыққан астаусыз елестету мүмкін емес. Ол бұл отбасылық мұраны әкесінен үйренді. Ал бүгінде ол өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігінің бір бөлігі ретінде оны ауқымды түрде дамытуда.

РКС: Бұл шеберханада ағаш екінші рет өмірге келеді. Ол нағыз өнер туындысы - қазақтың дәстүрлі астауына айналады. Мұндағы әрбір бөлік сүйіспеншілікпен және қолмен жасалған.Роман Никитенко-әкесінің ісін жалғастырып келе жатқан Көкшетаулық шебер. Ол тек ағашты кесіп қана қоймайды-ол рухани жаңғыру арқылы ұлттық дәстүрді сақтайды.

СНХ: РОМАН НИКИТЕНКО, ҚОЛӨНЕРШІ: Біздің компанияның бай тарихы бар. 35 жыл. 89 жылы оны әкем құрды. 2000 жылға жақын, Қазақстан тәуелсіздік алған кезде, дәстүрлер жаңғыра бастады. Менің әкем ауылға келіп, киіз үйде бірінші рет астаудан ет жепті. Содан астауға деген қызығушылығы пайда болады. Қариялармен бір дастархан басында отырып, астан ауыз тиіп, әңгімелерін тыңдапты. Ол кезде астау әлі сатылымда болған жоқ. Оны дүкендерде сатуға болады деп ешкім ойлаған жоқ. Бұл ұрпақтан - ұрпаққа жалғасатын дүние еді.

РКС: 90-шы жылдардың аяғынан бастап олар астауды өнеркәсіптік ауқымда алғашқылардың бірі болып шығара бастады. Қазір шеберханада 150-ден астам адам жұмыс істейді. Олар бастаған ісінің өміршеңдігіне сенімді. Өйткені халқына деген сүйіспеншіліктің арқасында бұл дәстүр өлмейді. Көкшетауда жасалатын ағаш астаулар бүкіл Қазақстанға тарайды. Әр астау – туған өлкенің бір бөлшегі.

СНХ: РОМАН НИКИТЕНКО-ҚОЛӨНЕРШІ: Біз дәстүрді қайта жаңғыртуға тырысамыз, сондықтан ол ұлттық мұра, сондықтан ол әдемі. Ғасырлар бойы жасалып келе жатқан бұл дәстүрлі ыдыс-аяқты біз заманауи, ұлттық нақышқа айналдырдық. Бұл Қазақстанға қажет ұлттық бұйым.

РКС: Дәл осындай туындылар арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті көруге болады. Еңбектен бастау алған құрмет пен ұлттық құндылықтарды сақтауға деген ұмтылыс ешқашан өміршеңдігін жоймайды.

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ