ДИКТОР: Көкшетау қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері арасында спорттық-интеллектуалдық байқау ұйымдастырылды. Шара Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына, қазақтың ұлы ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына, сондай-ақ Қазақстан халқы тілдері күніне орай өткізілді.
РКС: Аталған байқау Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдап қана қоймай, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мен ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды. Шара барысында жеке құрамның физикалық дайындығы, логикалық және стратегиялық ойлау қабілеті бағаланды.
СНХ: НҰРТАС СЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Халқымыздың дүниетанымындағы "Жеті ата", "Жеті ұрпақ", "Жеті қазына" деген ерекше ұғымдар еске алынуда. Сонымен қатар қызметкерлердің дүниетанымы тексеріледі. Кәсіби және тұрмыстық ортада ат салысып, жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырамыз.
РКС: Спорттық-интеллектуалдық байқау үш кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар шабуыл сатысымен жоғары көтеріліп, әр деңгейде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға мемлекеттік тілде жауап берді. Екінші кезең кедергілер жолағынан өту мен логикалық тапсырмаларды қатар орындауды талап етсе, финалдық үшінші кезеңде кәсіби шеберлік пен командалық үйлесімділік басты назарға алынды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: СЕРІК ӘДІЛЕТ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ: Бүгінгі сайыс жалынды эмоцияларға толы. Себебі барлық біздің алдымызда тұрған кедергілерден өтіп, онымен арпалысып, жеңе білдім. Сонымен қатар интелектуалды бағыттағы сұрақтар қойылды. Әрине осы бағытта арналған шаралар ұлы тұлғамыз Абай Құнанбайұлының өмірбаянын білу мақсатында ерекше роль атқарады.
РКС: Жарыс қорытындысы бойынша Қосшы қаласындағы №35 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Алихан Бексұлтан топ жарып, І орынды иеленді. ІІ орын Бұланды аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Ержан Балташевқа бұйырса, Шортанды аудандық №18 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Жандос Дәуітұлы жүлделі ІІІ орынға лайық деп танылды. Шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ