ДИКТОР: Өткен сенбі күні Көкшетаудағы №4 орта мектепте ерекше толқыныс пен сағынышқа толы сәттер орын алды. Осыдан тура 40 жыл бұрын мектепті тәмамдап, үлкен өмірге қадам басқан түлектер алтын ұя мектебіне келді.

РКС: Түлектер мектеп дәліздерін аралап, сүйікті ұстаздарымен кездесті. Сағынышқа толы естеліктер мен шаттыққа толы күлкі — бәрі осы күннің ерекше атмосферасын айшықтай түсті.

СНХ: СЕРГЕЙ ДИАВАЛЬ, МЕКТЕП ТҮЛЕГІ: 1980 жылы қос жаттықтырушы Геннадий Алексевич Проскура мен Дмитрий Николаевич Митррофанов осында 27 ұлдан спорттық-мамандандырылған эксперименттік сынып жасақтады. Көкшетаудан сол кездегі ең мықты, болашағынан зор үміт күттіретін балалар таңдалды. Олардың бәрі бір сыныпқа жиналды. Бес жыл бойы олар бізге жаттығулар жасатты. Классикалық күреске үйретті. 85-ші жылға дейін барлық дағды мен әдістерді көрсетті. Сол жылы біз мектепті тәмамдадық. Міне, сол сыныптың жасақталғанына биыл 45 жыл толып отыр. Бүгін аталған іс-шараға алыс-жақын шетелден, Қазақстанның өзге өңірлеріне кеткен түлектер келді.

РКС: Жылдар өтсе де, мектепке деген сағыныш ешқашан өшпейді. Түлектер үшін бұл кездесу — тек естелік емес, сонымен бірге жаңа шабыттың бастауы. Сол кездегі мектеп оқушылары бүгінде үйелмелі-сүйелмелі отбасының отағасына айналған.

СНХ: ГЕННАДИЙ ПРОСКУРА, СПОРТ-СЫНЫБЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Осы мектепте төрт спорт сыныбы болды. Сыныптағылардың бәрі түрлі разрядты иеленді. Кеңес Одағының чемпиондары болды. Қазақстанның, облыс, қаланың жүлдегерлері атанды. Ол кезде жігіттерге зор үміт артылды. Олардың әрқайсысы спорт саласында өз орнын тапты. Мен 2001 жылы Түмен облысына көшіп кеттім. Зейнеткерлікке шыққанға дейін спорт саласында еңбек жолымды жалғастырдым. Қазір зейнеткермін. Түмен облысы, Есіл қаласынан келдім.

РКС: Сол кездегі бозбалалардың қазір жасы 55-тен асып барады. Кездесуге жиналған түлектер сыныптарына барып, әрқайсысы өз орнына отырды. Мектеп қабырғасындағы қызықты сәттерін еске алып, спорттық жаттығуларды да бірге жасады. Қосылып ән шырқап, алыс-жақыннан келген сыныптарстарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

ИНТЕРШУМ:

НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ