ДИКТОР: Жібек жолы ауылында жаңа қосалқы станцияның құрылысы аяқталды. Оның жобасына алдағы онжылдыққа елдімекенді дамытуға қор жасақталған. Жергілікті тұрғындар бұдан былай тозығы жеткен, жекеменшік әрі негізсіз қымбат электр энергиясының көзіне тәуелді болмайды. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Аршалы ауданына жұмыс сапары кезінде атқарылған істермен танысып, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады.
РКС: Енді Жібек жолы ауылының тұрғындары электр жарығына зәру болмайды. Жаңа қосалқы станцияның құны 600 млн.теңге. Бүгінде 100-ден астам отбасы жарықпен қамтамасыз етілді. Үш шағын аудан электр қуатына қосылды. Сонымен қатар, қосымша қуат қоры да бар. Соның арқасында жақын маңдағы индустриалды аймақты энергиямен қамтамасыз ету мүмкін болады. Енді барлық жаңа шағын аудандар осы қосалқы станцияға қосылады. Тіпті қолайсыз ауа райында да электр қуаты үзілмейді, себебі резервтік қуат көзі бар.
СНХ: РАШИД ӘЖІБАЕВ, УЧАСТКЕ БАСТЫҒЫ: Бұл қосалқы станция «Новоалександровка» негізгі қосалқы станциясынан жүктемені біршама төмендетеді. Жаңа қосалқы станция «Солнечная» деп аталады. Жүктеме 12 мегаватт. Қазіргі уақытта қосалқы станция жұмыс істеп тұр. Жарықтандыру 6, 7 және 8-ші шағын аудандарына берілуде. Ол толығымен іске қосылды. Сонымен қатар, қосымша резерв көздері де бар. Оның көмегімен 27 мегаваттқа дейін арттыруға болады.
РКС: Ауыл тұрғындары 10 жылға жуық жарыққа жарымай келді. Нысанның пайдалануға берілуі тұтынушылар үшін бірыңғай, қолайлы тариф белгілеуге де мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Жібек жолы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені бой көтеруде. Аймақ басшысы Марат Ахметжанов жауапты сала мамандарына сапалы, әрі уақытылы жұмысты аяқтауды қатаң ескертті. Әлеуметтік нысанның құрылысы тамыз айында басталған.
СНХ: ДАРХАН ИБРАГИМОВ, «ПОРТАЛ-ПВ» СЕРІКТЕСТІГІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Нысанда 8 самосвал, 1 экскаватор, 2 жүк тиегіш бар. Шұңқырдың құрылысы жоспарланған, шұңқырды толтыру, шұңқырды бөлшектеу, шұңқырды уақытша қоршау. Қазіргі уақытта іргетас жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жобасы 25 жылға жоспарланған. Қазіргі уақытта учаскеде 25 адам жұмыс істейді. 8 самосвал, 1 экскаватор, 2 тиегіш жұмылдырылған. Қазір шұңқыр қазып, шұңқырды толтырып жатырмыз. Сондай-ақ бөлшектеу және уақытша қоршау жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта қазан айына дейін іргетас салу жұмыстарын бастаймыз.
РКС: Бұл нысанда үлкен спорт, жаттығу залдары мен бассейн қарастырылған. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені келер жылы ел игілігіне берілмек. Спорт кешені бір ауысымда 300-ге дейін адам қабылдай алады. Өңір басшысымен бірге Жібек жолы ауылындағы әлеуметтік нысандарды ауданның қоғамдық кеңесі де аралап көрді. Өңір белсенділері тұрғындардың пікіріне құлақ асты. Қалың халықты алаңдатып отырған мәселенің бірі – тіршілікті қамтамасыз ететін желілердің балансқа уақытылы берілуі. Облыс әкімі халық санының өсуін ескере отырып, жауапты сала мамандарына бұл мәселені бақылауда ұстауды тапсырды.
ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ