ДИКТОР: Облыста «Аймақтық еңбек картасы» аясында 22 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылып, жоспарланған көрсеткіштің 68 проценті орындалды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту тұжырымдамасы бойынша инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы аясында 300-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Белсенді еңбек шаралары арқылы 2 200-ден астам адам жұмысқа орналастырылды.

РКС: Жұмыс іздеушілерге қолдау көрсету мақсатында 80 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі мен ашық есік күні өткізілді. 2000-ға жуық бос орын ұсынылып, нәтижесінде 150-ден астам адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ, жыл басынан бері жаңа бизнес-идеяларды іске асыру мақсатында әлеуметтік осал топ санатындағыларға 235 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылып, 170 грант бөлу жоспарланған. Әр гранттың мөлшері адам басына 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде белгіленген. Бұл шара әлеуметтік қолдауды күшейтіп, кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға бағытталған.

СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әлеуметтік осал топ санатына жататын тұлғалар - әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алушылар, асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушылар, көшіп келгендер, қор қызметкерлері, мүгедектігі бар тұлғалар, сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың ата-аналары - қолданыстағы нормативтік актілерге және гранттарды беру ережелеріне сәйкес business.enbek.kz порталы арқылы электронды өтініш бере алады. Әр аудан мен қала бойынша өтініштерді қабылдау көпағындық жүйе арқылы жүргізіледі. Бұл жүйеде ұсынылған өтініштер жобалық комиссиялармен тексеріліп, бірінші кезеңде қаржы бөлу туралы шешім қабылданады.

РКС: Сонымен қатар, 2019 жылдан былтырға дейін атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар саны біршама қысқарған. Бұл - белсенді еңбек шаралары мен мемлекет пен көмек алушылар арасындағы өзара міндеттемелердің нәтижесі. Биыл атаулы әлеуметтік көмек алу үшін 5 мыңға жуық өтініш қабылданды. 1 300 отбасыға, яғни 6 000-ға жуық адамға көмек тағайындалды. Оларға 500 миллион теңгеден аса қаржы төленді. Оның басым бөлігі көпбалалы аналар.

СНХ: ЕРЛАН МҰХАМЕДИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл отбасын қолдау жүйесіне 637 әйел жүгінген. Олардың 119-ы еңбекке орналастыруды қажет етеді, оның 29-ы жұмыс іздеуші ретінде тіркелген. Жыл басынан бүгінге 56 әйел еңбекке орналастырылған. Сонымен қатар, әр ауданның отбасы қолдау орталықтарында кешенді көмек көрсететін мобильді топтар құрылды. Оған жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының, халықты қорғау қызметінің, денсаулық сақтау және білім беру саласының қызметкерлері кіреді. Сонымен қатар, мобильді топтардың жұмысына профильдік мамандар тартылуда.

РКС: Айта кетейік, сондай-ақ, облыста әлеуметтік қолдау саласында айтарлықтай нәтижелер байқалады. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 10 мыңнан астам адам оқытылып, олардың 1 400-ге жуығы еңбекке тартылды. Сонымен қатар, Цифрлық отбасы картасына 800 мыңға жуық адам тіркеліп, олардың 22 проценті «дағдарыс» санатына жататыны анықталды. 12 мыңнан астам адамға әлеуметтік сауықтыру қызметі көрсетіліп, 44 нысан лицензияланған. Көші-қон саласында да ілгерілеу бар: 335 отбасыға қандас мәртебесі беріліп, 240 адам аймақтық квота арқылы облысқа қабылданды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ