ДИКТОР: Ақмола облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» қоры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат аясында аймақта әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, адами капиталды дамыту мен техникалық мамандықтарға қолдау көрсетуге қатысты бастамалар көзделіп отыр. Тілшіміз Жанар Мұқышева жалғастырады.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Жиын барысында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова меморандумның маңыздылығына тоқталып, құжаттың аймақ инфрақұрылымын дамытуға және әлеуметтік бастамаларды ілгерілетуге тың серпін беретінін атап өтті.

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Самұрық-қазына» акционерлік қоғамы Қазақстан бойынша экономиканың дамуына қосқан үлестері өте зор. Қай саланы алатын болсақ та энергетика, өнеркәсіп, инфрақұрылым саласында болса, соның ішінде ең ірі ұлттық басқарушы холдинг ретінде компания болып табылады. Ең басты бүгін әлеуметтік саласын дамытып, адами капиталды үлес қосып, сіздермен бірлесіп, біраз жобаларды жүзеге асырамыз деп үміттенеміз.

РКС: Мемлекет басшысы биылғы жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялағаны белгілі. Осы ретте «Самұрық-Қазына» қоры техникалық білім мен кәсіби даярлықты қолдауға айырықша назар аударып отыр. Қор өкілі Ғибрат Ауғановтың айтуынша, бүгінде компания құрылымында 190 мыңға жуық жұмысшы маман еңбек етуде. Бұған қоса, соңғы бес жылда Ақмола облысында 14 қайырымдылық жоба жүзеге асқан. Енді алдағы уақытта меморандум аясында оңалту орталықтарын ашу, инклюзивті білім беруді қолдау, бұқаралық спорт пен білім беру саласындағы бірқатар әлеуметтік жоба іске асырылмақ.

СНХ: ҒИБРАТ АУҒАНОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: «Самұрық-Қазына» қоры ең ірі жұмыс беруші Қазақстанда. 20 өңірде жұмысшыларымыз бар. Ақмола өңіріне келсек, бұл жерде 10 мыңнан астам жұмыскерлеріміз жұмыс жасап жатыр. Жергілікті колледж, университеттеріміз бар солармен дуалдық оқытуды пайдалану, кейін оларды жұмысқа орналастыруға жақсы әсердің бірі де есептеймін. Бұл біз үшін жақсы қадамның бірі. Бізде қазір жаңа бағыттың бірі ол аралас орталықтарды ашу. Биыл пилоттық жобаға біз 5 өңірді алып отырмыз.

РКС: Меморандум шеңберінде қолға алынатын жобалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін бермек. Басты мақсат – жастарды қолдау мен адами капиталды нығайту.

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ