ДИКТОР: Атбасар ауданындағы 800-ге жуық тұрғыны бар Шуйское ауылында жұмыссыздық атымен жоқ. Инфрақұрылымы мықты дамыған елді мекеннің тұрмысы қалаға бергісіз,-дейді ауылдықтар. Балалар үшін шығармашылық және спорт үйірмелері де тегін. Ауылдың жайлы тұрмысы туралы Бибінұр Әмірханқызының бейнематериалы.

РКС: Еркін мен Назгүл Сәдуақасовтар Шуйское ауылына 2022 жылы көшіп келген. Жас мамандарға бірден жұмыс та табылды. Назгүл мұғалім, жолдасы еркін күрес бапкері. Жас отбасына қолдау ретінде жергілікті шаруашылық иесі бірден жаңа үйдің кілтін ұстатқан.

СНХ: НАЗГҮЛ СӘДУАҚАСОВА, ШУЙСКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы ауыл бізге ұнайды. Өте жайлы, балаларға да ұнайды осы ауыл . Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Инфрақұрылымы барлығы дамыған. Және де үйде де орталық жылыту бар. Үйге су өткізілген. Үйдегі барлық жағдай да жақсы. Бұл ауылда балаларға да баратын жерлер көп.

РКС: Жыл сайын жергілікті шаруашылық иесі ауылды абаттандырып, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бойынша тың жобаларды жүзеге асырып келеді. Мәселен, 2021 жылы спорт кешенін салса, 2022 жылы ауылішілік жолдарды жөндеуден өткізген. 2023 жылы жарты ғасырлық ескі мәдениет үйін замануи стильде жөндеп берді. Қазір балалар үшін барлық үйірмелер тегін.

СНХ: АЖАР ҚАЖЫМҰРАТОВА, МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Біздің ауылдық мәдениет үйі 2024 жылы ең үздік ауылдық клуб ретінде облыста бас жүлдені жеңіп алды. Сонымен қатар біз 2025 жылы Астанаға барып, ең үздік ауылдық клубы атағын алып келдік республикалық деңгейде.

РКС:Егін мен мал шаруашылығы қатар дамыған елді мекенде барлығы жұмыспен қамтылған. Ал, көшедегі тазалық пен тәртіпті еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін қатаң сақтайды. Мұндай тәртіптің орнығуына ауыл ішіндегі 200-дей бейнекамераның да септігі бар. Ауылда ұрлық-қарлық атымен жоқ.

СНХ: ЖІБЕК АХМЕТОВА, АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Осындай тамаша ауылда тұрам деп көшіп келгісі келетіндер көп. Біздің ТОО жас мамандар үшін үй де салып жатыр.

РКС: Қажетті мамандардың ауылда тұрақтап қалуы үшін шаруашылық иесі 9 жаңа үйге қоса биыл тағы екі баспананың құрылысын қолға алған.

СТЕНД-АП: БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ТІЛШІ: Қолдау мен қамқорлық болса, кез келген елді мекен қайта түлеп шыға келеді. Тек туған ауылымды дамытамын деген ниет болса болғаны. Шуйское ауылы әлеуметтік жауапкершілігі зор жергілікті кәсіпкердің қолдауының арқасында дамып отыр. Биыл ғана ашылған осындай саябақты жөндеп, қайта жаңғыртуға кәсіпкер 300 млн теңге жұмсаған.