ДИКТОР: Жуырда Моңғолияның астанасы Улан-Батор қаласында жамбы атудан Азия чемпионаты өтті. Жарысқа Балуан Шолақ атындағы облыстық ұлттық спорт мектебінің спортшысы, жерлесіміз Айтуған Кәкей қатысып, жеңімпаз атанды. Кеше чемпион елге оралды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.
РКС: Чемпионат тамыздың 28-і мен 31-і аралығында өтті. Айтуған Кәкей аталған жарыстың чемпионы атанып қана қоймай, жамбы атудан түрлі стильде 2 қола медаль жеңіп алды.
СНХ: АЙТУҒАН КӘКЕЙ, ЖАМБЫ АТУДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: Қазақстанда жеңіп келгеннен кейін сондай бір қуанышты хабар келді – Азия жарысына өттіңдер деп. Соған ертеден бір ай бұрын дайындалдық. Қаншама мемлекеттің арасында көк туды желбіретеміз деп соған мақсат қойып, дайындалдым. Оңайға түскен жоқ. Қарсыластарымыз да жақсы дайындалған. 15 мемлекеттей жиналды. Өте жақсы өтті жарыс. Бір алтын мен екі қола медалін қанжығаға байладық. Көк туымызды көкке желбіреттік. Қуаныштымыз.
РКС: Балуан Шолақ атындағы облыстық ұлттық спорт мектебінде жамбы ату спорты жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Былтыр жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Ерасылан Байзолла қола медаль еншілеген еді. Биыл Айтуған Кәкей Түрік стилінен 1 орын, Корей және Моңғол стилдерінен 3 орынды иеленді.
СНХ: НҰРСҰЛТАН ЖУСУБАЛИН, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Шәкіртім осы жылы Орал қаласында өткен Қазақстан Республиканың чемпионы атанды. Сборныйдың тренері Елдос ағамызға рақметімді айтқым келеді, Азия чемпионатына жолымызды ашып, жолдама алып берген. Жамбы ату ата-бабамыздан қалған ұлттық спорт болып саналады. Ат үстінде садақ ату деген үлкен өнер. Шапшаңдыққа, алғырлыққа келеді. Соған жақсы дайындық керек. Атымыз жақсы болу керек.
РКС: Аталған спорт мектебі ұлттық спортты одан әрі дамытуға баса назар аударып отыр. Келер жылы Айтуған Кәкей Қырғызстанда өтетін «Көшпенділер ойындарына» қатысады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ