ДИКТОР: Қазақстанның “Байтақ” жасылдар партиясы Ақмола облыстық филиалының IV конференциясы өтті. Басқосуда Ақмола облысы филиалы саяси кеңесінің жаңа құрамы мен филиал төрағасы сайланды. Алдағы жұмыс жоспары бекітіліп, жиналғандар пікір алмасты.

РКС: Конференцияның күн тәртібінде партияның өңірлік құрылымын жаңарту, экологиялық саясатты күшейту және жергілікті ұйым жұмысын жандандыру мәселелері талқыланды. Жиынға партияның белсенді мүшелері, филиал делегаттары, өңірлік бастамашыл топ мүшелері мен эколог-сарапшылар жиналды.

СНХ: АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Астана маңындағы барлық қалдықтар осы облыс аумағында орналасқан. Осыған байланысты халық арасында наразылық бар. Сол үшін біз Ақмола облысы мен Астана арасында агломерациялық жобалық офис құру керекпіз. Мысалы мынадай проблема болды, Талапкер ауылына бізді шақырды. Астананың түгел тұрмыстық қалдықтары сонда жатыр, ал қоқыс қалдықтар үшін әр пәтер, әр үй ақшаны Астанаға төлейді. Ол Астана қаласының бюджетіне түседі. Ал проблема Ақмола облысында. Сол үшін Ақмола облысының проблемасын шешу үшін Астана қаржы бөлу керек.

РКС: Партия мүшелерінің айтуынша алдағы уақытта Астананың емдеу мекемелерінен шығарылатын медициналық қалдықтар, Қопа көлінің жағдайы, Бурабай курортты өңіріндегі қоқыс мәселесі сынды тақырыптар көтерілмек.

СНХ: АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Экологиялық таза жобалардың өзіне қарсылық көрсетіп жатады кейде. Сол үшін халықпен жұмыс жасап, барлық ашылып жатқан заводтар, инвестицияларды қорғап, қолдау осындай жұмыстар атқаруымыз керек біз./

РКС: Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы бұған дейін Алматы облысы мен Алматы қаласы арасында агломерациялық жобалық кеңсе құрған. Ендігі кезекте Ақмола облысы мен Астана арасында құруды көздеп отыр.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ