ДИКТОР: Әлдебір келеңсіз жағдай туындай қалса, дәрігер өзін қалай қорғауы тиіс? Медицина қызметкерлерін заңдық тұрғыда қорғау, сақтандыру жүйесі қаншалықты жүйелі жұмыс істеп тұр деген сауалдар талқыланды. Пациенттер тарапынан арыз-шағым түскен жағдайда дәрігерлер қалай әрекет етуі тиіс, олардың құқықтары қандай? Өзге де кәсіби тәуекелдер бар ма? Көкшетауда дәрігерлер, емханалардың басшылары мен кәсіподақ өкілдері осы сауалдарға жауап іздеу үшін жиылды.

РКС: Сақтандыруға ерекше назар аударылып отыр. Қазір бұл жүйе тек медициналық ұйымдарда ғана жұмыс істеп тұр. Жекеменшік сектор назардан тыс қалып қойған. SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлері салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы көптеген сауалдың шешімі жоқ екенін айтып отыр.

СНХ: СЕРІК КӘКЕНОВ, «SENIM» ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Мемлекет басшысы сақтандыру жүйесін енгізу туралы денсаулық сақтау саласына тапсырма берді. Олар оны дайындап, енгізгендей болды, бірақ асығыс жасалды. Түсініксіз тұстары өте көп. Медициналық ұйымдар бұл уақытта жарналарын төлеп қойған. Егер сандарды сөйлетсек, жарты жыл ішінде 3,1 миллиард теңге медицина қызметкерлерінің, ұйымдардың есебінен толықты. Сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері 200-ге жуық арыз-шағым түсті. Тәуелсіз сараптамаға ондаған шағым беріліп, соның алтауы бойынша кінәлілердің әрекеті дәлелденді. 1 шілдедегі мәліметке сай 60 миллион теңге төленді.

РКС: Пациенттер медицина қызметкеріне арыз-шағым түсіру, денсаулық сақтау саласының персоналына қатысты зорлық-зомбылық көрсету деректері соңғы кездері көбейіп кетті. Мұндай жағдайлар кең таралып отырғаны шынымен қоғамды алаңдатуда. Медициналық құқық мәселелерін зерттеу жөніндегі институт директоры жиынға қатысушыларға мұндай жағдайға қалай әрекет ету және қалай қорғану керектігін түсіндірді.

СНХ: ТАЛҒАТ ЖҰМАҒАЗИН, М.ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ИНСТИТУТ ДИРЕКТОРЫ: Құқықтық тұрғыда қорғауға қатысты мәселе өте көп. Дәрігерлерге қол көтеру деректерінің көбейіп бара жатқаны өкінішті. Заңда оған қатысты нормалар бар. Бірақ, көп ретте дәрігерлер ол жағынан хабарсыз. Біздің міндетіміз осындай семинарлар өткізу арқылы ақ халатты абзал жандарға базалық құқықтық білім беру.

РКС: Семинар диалог форматында өтті, жиын барысында әр қатысушы өзін толғандырған сауалын еркін қойды.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ