ДИКТОР: Келер жылдан бастап Қазақстанда жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарға жаңа салықтық режим енгізілмек. Бұл механизм ай сайынғы табысы 1 миллион 300 мың теңгеден аспайтын тұлғаларға қолжетімді болады. Тағы бір міндетті талап – «бір салық – бір табыс» қағидасы. Яғни, мұндай жағдайда жалдамалы жұмысшы тартуға жол берілмейді.

РКС: Жаңа Салық кодексіне сәйкес арнайы салық режимдерінің саны 7-ден 3-ке дейін қысқартылмақ. Соның бірі – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған. Аталған режимді, мысалы, тұрғын үйді жалға берумен айналысатын жеке тұлғалар қолдана алады. Рұқсат етілетін қызмет түрінің толық тізбесін Үкімет алдағы уақытта бекітеді. Дегенмен, мұндай салық салу тәртібінің артықшылықтары қазірдің өзінде белгілі.

СНХ: АЙГҮЛ ЕЛІКБАЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар табысынан 4 процент қана төлейді. Бұл төлемге тек әлеуметтік аударымдар кіреді. Олар жеке табыс салығын төлеуден босатылады. Есептілік жүргізу талап етілмейді. Есеп айырысу мобильді қосымша арқылы берілетін чектер негізінде жүзеге асырылады.

РКС: Жеке табыс салығының нөлдік мөлшерлемесі ай сайынғы кіріс 300 айлық есептік көрсеткіштен аспаған немесе жылдық кіріс 15 миллион теңгеден төмен болған жағдайда қолданылады. Арнайы салықтық режимге көшу туралы өтініштер келер жылдың 1 наурызына дейін қабылданады. Сонымен қатар, егер бір ай көлемінде кіріс болмаса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға автоматты түрде салық төлеушілердің есебінен шығарылады. Енгізіліп отырған бұл жаңашылдық көлеңкелі қызметпен қамтуды заңдастыруға бағытталған. Атап айтқанда, ол онлайн-сервистер, түрлі платформалар мен агрегаторлар арқылы қызмет көрсететін азаматтар үшін ерекше маңызды -дейді мамандар.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ