ДИКТОР: Зерендідегі «Парус» демалыс аймағында «Жалынды Jastar CAMP 2025» атты жастарға арналған облыстық оқыту лагері өтті. Бұл шара жастар ресурстық орталықтарын, волонтерлік қозғалыстарды және белсенді жастарды ортақ алаңға жинап, пікір алмасу арқылы жаңа идеяларға жол ашуды мақсат еткен. Сонымен бірге, көшбасшылық қабілетімен танылған жастар мен еріктілерді айқындау.

РКС: «Жалынды Jastar CAMP 2025» лагері – дәстүрлі форматтағы жастардың бас қосуы. Бұл алаңда жыл сайын жас буынды қызықтыратын түрлі тақырып талқыға салынып, өзекті мәселелер көтеріледі. «Media kenistik», «Саяси JASTAR», «Жастармен OPEN-talk» атты 3 бағытта оқыту жүргізілді. «Media kenistik» алаңында жастар қозғалыстары мен ұйымдарының көшбасшылары және волонтерлер медиа саласындағы тәжірибелі мамандармен жүздесті. Қатысушылар медиа, саясат, волонтерлік және көшбасшылық тақырыптарда тәжірибе алмасып, кәсіби дағдыларын шыңдайтын тренингтерге қатысты.

СНХ: ДАСТАН ЕРМЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Енді ең негізгі мақсат жастардың өздерінің арасында достық қарым қатынасын нығайту, одан кейінгі өздерінің ойларын бір-бірімен бөлісіп, алдағы уақытта өздерінің орталарын құрып,бір көшбасшы болып, өзі аудан болсын, қала болсын, ауыл болсын сол бүгінгі естіген барлық ақпараттарды өздерінің орталарында бөлісіп, тікелей жастарға оның барлығын тарату керек.

СНХ: ҚУАНЫШ МҰҚЫШЕВ, DIGITAL AGENCY INFLUENCE PRO ЖОБАСЫНЫҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ: Соңғы кездері адамдар әлеуметтік желілерде өте белсенді. Тұлға ретінде болсын, тіпті оны бизнес бағытында да дамытып жатыр. Себебі бұл сала күннен-күнге қарқынды дамуда және онсыз алға жылжу мүмкін еместігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Сондықтан «Жас Camp» секілді шаралар өте қажет, әрі пайдалы дер едім. Күнделікті күйбең тірлікте біз кейбір маңызды сәттерді байқамай қалуымыз мүмкін. Осы мүмкіндікті жасап отырған облыстық жастар орталығына, билік өкілдеріне алғысымызды білдіреміз. Жастарға әлеуметтік желілерде дамуға, сондай-ақ рухани, менталды және физикалық тұрғыдан жетілуге жағдай жасалып жатыр.

РКС: Оқыту лагерінің екінші жартысы мазмұнды бағдарламаға ұласты. Жастар үшін экскурсия ұйымдастырылып, спорттық сайыстар мен эстафеталық ойындарға қатысты. Кешкісін түнгі алау жағылып, бард әндері шырқалды, шығармашылық өнер көрсетілімдері мен би кеші ұйымдастырылды.

СНХ:АНГЕЛИНА СТЕПАНОВА, «ДУМАН» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖАСАҒЫНЫҢ ВОЖАТЫЙЫ: Бұл ұйымға осыдан екі жыл бұрын келгенмін. Көптеген лагерьлермен, соның ішінде «Паруспен» ынтымақтастығымыз керемет. Биыл мұнда жеті маусым өткіздік. Балалармен және лагерьмен өзара ықпалдастық ету тек жағымды эмоциялар сыйлайды. Бүгін білімімізді шыңдауға, әсерлі сәттерге бөлену үшін келдік.

РКС: «Жалынды Jastar CAMP 2025» лагері жастарды жаңа белестерге жетелейтін бастамаға айналды. Екі күндік оқыту лагерінің соңында үздіктер марапатталып, әрбір қатысушы тың тәжірибе мен жарқын естеліктер жинап қайтты.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ