ДИКТОР: Жақында «Қазақстан халқына» қорының қаржысы есебінен Степногорск қаласында «Айбын» ангарлық үлгідегі спорт кешені ашылды. Сондай-ақ, Степногорск қаласындағы №3 арнайы мектеп-интернаты заманауи оқу жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Спорт кешенінің салтанатты ашылуына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.
РКС: «Айбын» спорт залының құрылысына 170 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Ангарлы үлгідегі спорт кешені бір жыл ішінде салынды. Мұндай жобалар бұқаралық спорттың дамуына үлкен серпін береді, - деп атап өтті облыс әкімі Марат Ахметжанов.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл шараны мемлекет пен қоғамдық институттардың халық игілігіне бағытталған бірлескен жұмысының нақты көрсеткіші деп айтуға болады. Мемлекет басшысы биылғы наурызда өткен Ұлттық құрылтай отырысында: «Спортты, әсіресе балалар мен жастар арасында насихаттау – ұлт саулығының кепілі», – деп атап өткен болатын. Бұл сөздер жұмысымыздың стратегиялық бағытын айқындайды. Осы мақсатқа жетудің басты шарттарының бірі – заманауи спорт инфрақұрылымын дамыту.
РКС: Қазір облыс бойынша ірі 10 спорт нысанының,оның ішінде спорт сарайлары мен дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр. «Айбын» заманауи спорт кешенінде футбол, баскетбол, волейбол және спорттың өзге де түрлерімен айналысуға болады. Бұл кешен тек жаттығу мен жарыс өтетін орын емес, салауатты өмір салтын ұстанған азаматтар үшін шынайы тартымды орталық. «Қазақстан халқына» қоры №3 арнайы мектеп-интернатына да көмек көрсетті. Ғимарат 1972 жылы қолданысқа берілген. Білім ошағында ерекше қажеттіліктері бар 158 бала білім алады. Екі жыл бұрын мектеп 33 миллион теңгеге оқуға арналған заманауи кабинеттермен жабдықталды.
СНХ: ШОЛПАН ТӘУІРБАЕВА, №3 АРНАЙЫ МЕКТЕП-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 2023 жылы «Қазақстан халқына» қоры бізге 10 кабинетке арналған жабдық сыйлады. Оның 5-еуі бастауыш сыныптарға, 5-еуі тігін шеберханаларына, сондай-ақ әлеуметтік-тұрмыстық бейімдеу және география кабинеттеріне берілді. «Қазақстан халқына» қорына шексіз алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында балалар заманауи жағдайда білім алуда, тамаша жиһаз бен интерактивті тақталарды пайдаланып жүр. Сабақтар ең жоғары деңгейде өткізіліп жатыр.
СНХ: СЕРІКБЕК ЕЛШІБЕКОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ЖОБАЛАР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Мектеп директорлары мұғалімдермен бірге қажетті жабдықтардың бірыңғай тізімін жасады. Барлық жабдық әр мектепке жеке сатып алынды. Қазақстан бойынша осындай 99 мектеп бар, соның 98-і «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 2 миллиард 700 миллион теңгеге жабдықталды.
РКС: Ақмола облысы бойынша «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 12,8 миллиард теңгеге 26 қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырды. Аталған ұйым облыстағы медициналық мекемелерге де қолдау көрсетіп жүр.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ