ДИКТОР: Ақмола облыстық кәсіпкерлер палатасының алаңында «Бір ауыл — бір өнім» жобасының финалистерін іріктеуге арналған бренд-комитеттің отырысы өтті. Бұл жоба өңірдің бірегей өнімдерін анықтап, жергілікті тауарлар мен қызметтердің өндірісін дамытуға, жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілер бірлестігін құруға бағытталған.
РКС: Шілде айында Көкшетауда өткен «Бір ауыл — бір өнім» көрмесінде он жоба таңдалып алынған еді. Олар өз идеяларын бренд-комитет алдында қорғап шықты. Еске салсақ, жоба өңірде бірегей өнім іздеуге, жергілікті тауарлар мен қызметтер өндірісін дамытуға, жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілер бірлестігін құруға бағытталған. Идеяның негізгі көздегені - кәсіпкерлерге өз тауарларын ұсынуға мүмкіндік берумен қатар оны жергілікті брендтің қайнар көзіне айналдыру арқылы өнімнің өзіндік ерекшелігін көрсету. Жалпы, бұл жоба кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға, жергілікті бизнесті қолдауға және мәдениетіміздің өзіндік ерекшелігі мен байлығын көрсететін өнімдерді ілгерілетуге бағытталған», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.
СНХ:ЕРҚАНАТ МҰСЫЛМАНБЕК, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бренд-комитетінің отырысының негізгі мақсаты-«Бір- ауыл, бір- өнім» өңірлік жобасы байқауы жартылай финалистердің арасынан бізде 3 жеңімпазды таңдау. Осы «Бір ауыл-бір өнім» жобасының басты мақсаты- өңірлік, яғни жергілікті шикізаттан шығаратын тауарларды республикалық және де кеңейтілген нарыққа шығару.
РКС: Қазір кезде нан-тоқаш және ет-сүт, жартылай дайын өнімдер, кәдесыйлар, сабын, қолөнер және тоқыма бұйымдары, сондай-ақ өзге де ерекше әзірлемелер ұсынылды. Әр бағыт өңірлік кәсіпкерліктің ерекшелігі мен алуан түрлілігін көрсетті. Комиссия үш финалисті анықтады. Солардың бірі Руслан Соколов. Бурабай ауданына қарасты Қатаркөл ауылында ірімшік өндірісімен айналысады. 2018 жылы қолға алған ісін бүгінде үлкен кәсіпке айналдырып отыр. Жоба жеңімпаздарына 5 миллион теңгеге дейінгі гранттарға қатысу мүмкіндігі беріледі.
СНХ:РУСЛАН СОКОЛОВ, ІРІМШІК ӨНДІРІСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ (БУРАБАЙ): Бірінші рет ірімшік жасауды 2018 жылы қолға алдық. Ал бір жылдан соң бизнес ретінде қарастыра бастадық, яғни хобби кәсіпке айналды. Қазір біз агротуризммен, жаңа дайындалған, қатты және жартылай қатты ірімшік, тәтті тағамдар жасаумен айналысамыз. Барлық шикізат – жергілікті. Жақын маңдағы ауылдардағы шаруалардан тұрақты түрде алып отырамыз. Жалпы, осы істі ашу идеясының тарихы бар. 2000-жылдары Еуропа елдеріне көп саяхаттадым, сол жақта дәмді, нағыз ірімшікті жеп жүріп, неге осыны өзімізде жасамасқа деген ой келді. Осындай байқауларға қатысып жатқанымызға өте қуаныштымын. Мемлекет тарапынан да қолдау зор. Жоғары марапатқа ие болу шабыттандырады. Ісімізді одан әрі жалғастыруға мотивация береді.
РКС: Екінші финалист Қосшы қаласының тұрғыны Әлия Қалиасқарова. Ол қазақ қолданбалы қолөнерді дамытып жүрген шебер. Киізден жасаған сырмақтары мен текеметтері елімізден тысқары АҚШ, Дания және Францияда кеңінен танымал. Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылының тұрғыны Бауыржан Жалғасбаев қуырылған тары жармасы, сары май, қант және балдан жасалған жент өндірісімен танымал. Енді өңірлік кезеңнің осы үздік үштігі республикалық "Бір ауыл - бір өнім" көрмесіне Ақмола облысының атынан қатысады. Бұл жоба бизнеске заманауи тәсілдермен сәйкес келетін алаңға айналып отыр. Ал жергілікті тұрғындардың бірегей идеялары үлкен нарыққа шығып, Қазақстанда ғана емес, шет елде танылуға мүмкіндік алады.
НҰРСӘУЛЕ МҰРАТ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ